Ойын ережелеріне сәйкес Премьер-лиганың 10-турындағы жекелеген ойын сәттеріне түсіндірмелер

Атырау – Қайсар
20-минут – Үй командасының айып алаңында доп қақпашы мен шабуылшы №99 арасында. Екеуі де доп үшін таласуда. Қақпашы допты қолымен ойнап үлгереді, содан кейін ғана оған қақпаға қарай жүгіріп келе жатқан шабуылшының аяғы тиіп кетеді.
Бұл жағдайда дұрыс шешім – ойынды жалғастыру, себебі байланыс абайсызда және доптан кейін орын алды.
Қақпашы тарапынан ереже бұзылмағандықтан, ВАР-дың араласпауы – дұрыс шешім.
Ордабасы – Ұлытау
74-минут – Қонақтар айып алаңында доп шабуылшы №2-нің қолына тиіп, содан кейін ол бірден қақпаға допты соғып, гол салады.
Ойын ережелеріне сәйкес, егер ойыншы қарсылас қақпасына гол соққанда доп оның қолына/алақанына (тіпті кездейсоқ) тиген болса, бұл – ереже бұзу. Мұндай жағдайда қарсылас командаға тікелей еркін соққы берілуі керек.
ВАР тарапынан төрешіге хабарлап, араласуы – дұрыс шешім.
Қызылжар – Елімай
44-минут – Айып алаңында қорғаушы №77 допты алшақтатпақшы болады. Оның алдында тұрған шабуылшының қолына доп тиіп кетеді. Қолы табиғи емес күйде болғандықтан, дене көлемін үлкейтіп тұр, доп басқа шабуылшыға өтеді де, ол гол салады.
Бұл жағдайда допқа қолмен ойнаған шабуылшыға қарсы тікелей еркін соққы белгіленуі тиіс еді.
ВАР-дың төрешіге хабарлап, араласуы – дұрыс шешім.