Шымкентте «Ордабасы» ФК мүшелері ерекше балаларға футболдан шеберлік сабағын өткізді

Шымкентте «Ордабасы» ФК мүшелері ерекше балаларға футболдан шеберлік сабағын өткізді

29 мамыр 2025, 11:54
1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай Қазақстан футбол федерациясы және «Болашақ» КҚ ұйымдастыруымен өткен шеберлік сағатына еліміздің тоғыз өңірінен «UNI Football League» инклюзивті футбол секциясының 120-ға жуық қатысушысы қатысты.

Секция қатысушыларына «Ордабасы» ФК-ның шабуылшысы Лука Имнадзе, қорғаушылары Сагадат Тұрсынбай мен Виктор Мудрак және қақпашы Айдос Кемаладин  доппен жұмыс істеудің  түрлі техникасын көрсетті. 
 
Шара балаларды өзара қарым-қатынас жасау, салауатты өмір салтын сақтау, физикалық дағдыларын жетілдіру, әлеуметтік және спорттық іс-шараларға тарту мақсатында өтті. 
 
«UNI Football League» – аутизм, Даун синдромы және басқа даму ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзивті республикалық футбол секциясы.  Жобаға әр қалада инклюзивті білім беру курстарынан өткен, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс тәжірибесі бар UEFA B, C, D санатындағы жаттықтырушылар тартылған.

 
Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары