Қазақстан U-17 құрамасы Даму Кубогы аясында Тәжікстан жасөспірімдер құрамасын жеңді

Қазақстан U-17 құрамасы Даму Кубогы аясында Тәжікстан жасөспірімдер құрамасын жеңді

21 ақпан 2026, 15:40
Белорусьта өтіп жатқан Даму Кубогы аясындағы ойындарда 17 жасқа дейінгі Қазақстан жөспірімдер құрамасы Тәжікстан құрамасын жеңді.

Бауыржан Сағындықтың шәкірттері үшінші ойында Тәжікстанның 17 жасқа дейінгі құрамасына қарсы алаңға шықты. Кездесу 3:1 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды. Голдарды Абылай Жылқайдар, Ислам Рақым және Роман Черноморец соқты.

Қазақстан құрамасы турнирдегі соңғы матчын 23 ақпанда өткізеді. Үшінші орын үшін өтетін ойында қазақстандық жасөспірімдер Өзбекстан U-17 құрамасымен кездеседі.

Турнирге сегіз елдің командасы қатысуда. Олар Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан және Минск қаласының құрамасы. Командалар екі топқа бөлінген. «А» тобында Қазақстан Беларусь, Тәжікстан және Минск құрамалары, ал «В» тобында Беларусь U-16, Өзбекстан, Әзербайжан және Ресей құрамалары өнер көрсетуде.

Қазақстан U-17 – Тәжікстан U-17 – 3:1

Голдар: Рақым, Жылқайдар, Черноморец.

Қазақстан U-17: Әлихан Шайзада (Қ), Марлен Әмренов, Дәулет Орынбасар, Дигдар Омаров, Жәнібек Жайлаубек, Данил Золкин, Әнуар Төленді, Мағзұм Жоламан, Шәріпхан Шәріпжан, Әлихан Абди, Мәди Мұқашев.

Қосалқы құрам: Никита Килджиев (Қ), Батырхан Серікбай (Қ), Мансур Авасханов, Нұралы Азатқазы, Мейірлан Балтабаев, Дамир Юсупбеков, Ислам Рақым, Расул Досан, Абылай Жылқайдар, Роман Черноморец, Акбар Сәденов, Әлихан Жұмабек, Расул Әкімов, Ибраһим Бауыржанов.

Аға бапкер: Бауыржан Сағындық.

Төрешілер: Станислау Якутсевич, Алиаксей Шадура, Иван Трунов, Даниил Дудал (барлығы – Беларусь).

Бөлісу
Жоғары