Қазақстан U-16 құрамасы УЕФА даму кубогын жеңіспен бастады
Ойынның алғашқы минуттарынан Қазақстан U-16 құрамасы басымдыққа ие болды. Ойынның 7-ші минутында Платон Шипицин пенальтиден есеп ашты. Шабуыл мен қорғанысты қатар ұштастырған Қазақстан құрамасы бірінші таймда Пәкістан қақпасына тағы үш гол соғып, айқын басымдыққа қол жеткізді. Әнуар Төленді, Давид Заречный мен Данияр Қаси көзге түсті.
Екінші таймның 88-ші минутында Пәкістан құрамасының ойыншысы бір гол салып есепті қысқарты. Нәтижесінде кездесу 4:1 есебімен Қазақстан U-16 құрамасының пайдасына шешілді.
УЕФА даму кубогындағы екінші ойынын Русланжан Раимбакиевтің командасы 27 сәуір күні 15:30 да Әзербайжан құрамасына қарсы өткізеді.
Қазақстан U-16 – Пәкістан U-16 – 4:1 (4:0)
Голдар: Платон Шипицин 4 (п), Төленді 21, Заречный 30, Қаси 45 – Самад 88
Қазақстан U-16: Мирахматов (Қ), Қаси, Турищев (Ілиясов 61), Шалыгин (Дәуренов 46), Оразғалиев, Лисохмар (Қамбар 61), Дұтпаев (Салимов 57), Заречный (К) (Болат 57), Маратов (Қанат 46), Шипицин (Бапишев 46), Төленді (Меңдіханов 46);
Қосалқы құрам: Заманбек (Қ), Ілиясов, Салимов, Дәуренов, Қамбар, Бапишев, Меңдіханов, Болат, Қанат
Бас бапкер: Русланжан Раимбакиев
Пәкістан U-16: Самар Раззақ (Қ), Мұхаммад Алам, Мақбул Ахмед, Надим Хусайын, Сиед Манзар Шах (Хамза 46), Мухаммад Мұстафа, Абдул Самад, Мухаммад Есса, Хамза Йасыр (Шахраз Хан 46), Калимулла (Харун Рашид 46), Мухаммад Рафай (Даниш Масих 46), (Харун Рашид 77), (Мухаммад Ханзала 77).
Қосалқы құрам: Навидулла (Қ), Хамза, Сагар, Шахраз Хан, Даниш Масих, Харун Рашид, Абул Рахим Елахи, Мухаммад Ханзала, Валид Сарвар
Бас бапкер: Мухаммад Есса
25 сәуір, 2026. «Намыс» стадионы, Шымкент (Қазақстан)