Қазақстан U-17 құрамасының Әзербайжанға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылар тізімі

Қазақстан U-17 құрамасының Әзербайжанға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылар тізімі

25 мамыр 2026, 17:00
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы маусым айында Әзербайжан құрамасына қарсы екі халықаралық жолдастық кездесу өткізеді.

Команданың оқу-жаттығу жиыны 2 маусым күні Талғардағы ұлттық құрамалар базасында басталады. Қос кездесу де Әзербайжанның Габала қаласында өтеді. Алғашқы жолдастық матч 6 маусымға жоспарланса, екінші кездесу 9 маусымда өтеді.

Тізімге 29 футболшы енді:

Қақпашылар: Абай Заманбек, Мирдиер Мирахматов (екеуі де – ҚФФ Академиясы), Матвей Ковальчук («Қайрат»), Байжан Асхат («Шахтер»);

Қорғаушылар: Ислам Рашидов, Әлихан Әбди, Ильдар Датхабаев, Георгий Гречка (барлығы – «Қайрат»), Михаил Турищев, Данияр Қаси, Никита Лисохмар (барлығы – ҚФФ Академиясы), Абылай Тоқтасын («Шахтер»), Джамиль Қалмаханбек («Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Әли Садырбаев, Тимур Казанцев (екеуі де – «Шахтер»), Алихан Ахилбаев, Нұрали Салимов, Әлижан Зәру, Нұрхад Нұрымов, Темірлан Абжапар (барлығы – «Қайрат»), Асхат Дұтпаев, Сұлтан Дәуренов (екеуі де – ҚФФ Академиясы), Рахман Аман («Ордабасы»), Салим Хасанов («Вильярреал», Испания);

Шабуылшылар: Роман Черноморец, Тамерлан Сарсымбаев (екеуі де – «Қайрат»), Әнуар Төленді, Бекасыл Қанат (екеуі де – ҚФФ Академиясы), Алмат Сапархан («Ордабасы»).

 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары