Қазақстан құрамасының Армения және Мажарстанға қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының нақты тізімі
Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Қазақстан құрамасы сырт алаңда екі жолдастық кездесу өткізеді: 6 маусымда Армениямен, ал 9 маусымда Мажарстанмен ойнайды.
Қорытынды тізімге 25 футболшы енді:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).
Қорғаушылар: Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де – «Қайрат»), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»), Серікжан Мужиков («Жетісу»), Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес»).
Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Роман Муртазаев («Елімай»), Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»).
Бапкерлер штабы: Талғат Байсуфинов – бас бапкер, Иван Азовский – бас бапкердің көмекшісі, Марат Еслямов – бас бапкердің көмекшісі, Елдос Ахметов – бас бапкердің көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылар бапкері, Мұхтар Ерімбетов – дене даярлығы бапкері, Тимур Құсайынов – сарапшы, Нұрлан Биттұғылов – дәрігер, Бауыржан Абаев – физиотерапевт, Біржан Оразғалиев – физиотерапевт, Алексей Гудзев – массажист, Евгений Карнаухов – массажист, Қуаныш Мұханбет – менеджер, Михаил Әубәкіров – әкімші, Максим Шауберт – кит-менеджер.