ҚФФ кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясының жаңа жетекшісі клуб өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді

ҚФФ кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясының жаңа жетекшісі клуб өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді

21 мамыр 2026, 13:05
21 мамырда Футбол үйінде Қазақстан футбол федерациясы кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясының клуб өкілдерімен онлайн-кездесуі өтті.

Жиын дирекцияның жаңа жетекшісі Ержан Мұсабековтің бастамасымен ұйымдастырылды. Тараптар кәсіби жарыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша алдағы жоспарын және ҚФФ мен клубтар арасындағы байланысты күшейту жолдарын талқылады.

Клуб өкілдері Ержан Мұсабековті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Кеңес барысында Ержан Мұсабеков дирекцияның бұрынғы жетекшісі Бақытжан Пазылхайырға алғыс айтып, оның басшылығымен атқарылған ауқымды жұмыстарды атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кәсіби жарыстарды өткізу аясында бұдан да тығыз әрі жедел өзара іс-қимыл орнатуға келісті. Сондай-ақ дирекция клубтардан бірлескен жұмыс пен коммуникацияны жақсарту бойынша өз ұсыныстарын, сонымен қатар кәсіби жарыстарды одан әрі дамыту үшін талқылауды талап ететін өзекті мәселелерді жолдауды сұрады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары