FIFA Talent Academy базасы Technogym жаттығу құрылғыларымен жабдықталады

FIFA Talent Academy базасы Technogym жаттығу құрылғыларымен жабдықталады

20 мамыр 2026, 17:28
Қазақстан футбол федерациясы Қазақстандағы Technogym брендінің ресми дистрибьюторы – Wellness Solution ЖШС-мен стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды. Бұл ынтымақтастық заманауи спорт инфрақұрылымын дамытуға және жас футболшыларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған.

Келісім аясында Wellness Solution ЖШС Талғар қаласында салынып жатқан FIFA Talent Academy базасын дайындықтың халықаралық стандарттарына сай келетін Technogym компаниясының жоғары технологиялық спорттық жабдықтарымен қамтамасыз етеді.

Базаны заманауи құрылғылармен жабдықтау жаттығу үдерісіне жаңа деңгейге көтеруге, ойыншылардың физикалық дайындық сапасын арттыруға және дарынды жас футболшылармен жұмыс істеудің тиімді әдістерін енгізуге септігін тигізеді.
Бұл серіктестік Қазақстанның футбол инфрақұрылымын жүйелі түрде жаңғыртудағы және қазақстандық футболшылардың болашақ буынын даярлаудағы негізгі жобалардың бірі – FIFA Talent Academy-ді дамыту жолындағы тағы бір маңызды қадам болмақ.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары