Қазақстан жастар құрамасының Беларусьпен жолдастық матчтарға шақырылған ойыншылар тізімі
Ойындар Беларусьте өтеді. Алғашқы матч 5 маусым күні Барановичи қаласындағы стадионда өтеді. Ойын Астана уақытымен 19:00-де басталады. Екінші кездесу 8 маусымда Минск қаласындағы «Трактор» стадионында өтеді. Матчтың басталуы – 20:00.
Қазақстан жастар 30 мамырда Талғар қаласында оқу-жаттығу жиынына жиналады.
Тізімге 25 ойыншы енді:
Қақпашылар: Дулат Талыспаев («Кеге», Дания), Шерхан Қалмырза («Қайрат»), Мирас Рихард («Ертіс»).
Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров («Қайсар»), Әли Тұрғанов («Ордабасы»), Әмірбек Базарбаев, Данияр Ташпулатов (екеуі де – «Қайрат»), Санжар Әнуаров («Астана»), Сергей Иванов («Алтай»), Сағи Мәлікайдар («Ұлытау»), Рамазан Кәрімов («Ертіс»).
Жартылай қорғаушылар: Мирас Оматай, Тамерлан Ағиманов, Нұрдәулет Байбосынов (үшеуі де – «Ертіс»), Шыңғыс Дүйсенбек, Мұхамедәлі Әбіш, Олжас Байбек, Азамат Тұяқбаев (бәрі – «Қайрат»), Димаш Серікұлы («Қайсар»), Сэйф Попов («Алтай»), Жансұлтан Мұхаметханов («Оқжетпес»).
Шабуылшылар: Рамазан Бағдат («Қайрат»), Ян Труфанов («Атырау»), Артем Литош («Шахтер»), Мансұр Бірқұрманов («Жетісу»).
Бапкерлер штабы: Владимир Чебурин – аға бапкер, Дмитрий Карпов – аға бапкердің көмекшісі, Сергей Лабодовский – аға бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылар бапкері, Рустам Усманов – дене даярлығы бапкері, Біржан Хабит – сарапшы бапкер.