Данияр Шарабадин eChampions League турнирінде Еуропаның үздік 30 ойыншының қатарына енді

Данияр Шарабадин eChampions League турнирінде Еуропаның үздік 30 ойыншының қатарына енді

17 мамыр 2026, 13:32
еҚПЛ тұңғыш маусымының жеңімпазы, қарағандылық «Шахтер» клубының намысын қорғайтын Данияр «DAN1K» Шарабадин Манчестерде өткен eChampions League бәсекесінде бақ сынап, Еуропаның ең үздік 30 киберфутболшы қатарына кірді.

Данияр құрлықтың ең үздік киберфутболшылары жиналатын додаға жолдама алған тұңғыш қазақстандық ойыншы атанды.

Тартысты өткен бәсекелерде Данияр Шарабадин алты матчтың қорытындысы бойынша өте маңызды төрт ұпайды еншісіне жазды. Қазақстандық киберспортшы Әзербайжанның «Нефтчи» клубының ойыншысы YuLite42-ні 5:2 есебімен сенімді түрде жеңіп, Амстердамның «Аякс» командасының өкілі Chris de Boer-ге қарсы өткен қиын кездесуде тең түсті. Осы нәтиженің арқасында отандасымыз eChampions League турнир кестесінде 29-шы орынға тұрақтады.

 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары