Тарихи дебют: Қазақстан чемпионы тұңғыш рет eChampions League турнирінде өнер көрсетеді

Тарихи дебют: Қазақстан чемпионы тұңғыш рет eChampions League турнирінде өнер көрсетеді

13 мамыр 2026, 10:20
Қазақстан киберфутболы өз тарихында жаңа белес бағындыруда. Тарихта тұңғыш рет өткен еҚПЛ жарысының жеңімпазы, «Шахтер» клубының өкілі Данияр «DAN1K» Шарабадин Еуропадағы ең беделді киберфутбол жарыстарының бірі – eChampions League турниріне қатысатын алғашқы ойыншы атанды.

Турнирдің бірінші кезеңі 15-16 мамыр аралығында Манчестерде өтеді. Онда ұлттық лигалар мен іріктеу кезеңдерінен өткен Еуропаның ең мықты ойыншылары жиналады. Данияр Еуропаның беделді клубтарының өкілдерімен бақ сынасады:

1-күн (15 мамыр):

BONANNO («Манчестер Сити», Англия)

MILKALOVE («Хольштайн Киль», Германия)

CHRIS DE BOER («Аякс», Нидерланд)

2-күн (16 мамыр):

DFERNANDES («Кадис», Испания)

YULITE42 («Нефтчи», Әзербайжан)

LEVI DE WEERD («Труа», Франция)

Турнирдің жалпы жүлде қоры 281 000 долларды құрайды. Манчестердегі топтық кезеңнен өткен қатысушылар жарысты Будапештегі финалдық турнирде жалғастырады.

Барлық матчтарды Twitch және YouTube желілеріндегі eSports KFF арналарынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары