Астанада «Young Referee» оқу семинары өтті
Оқуға 10 адам қатысты. Семинар бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімдерді қамтыды, бұл қатысушыларға ойын ережелерін меңгеріп қана қоймай, шешім қабылдау дағдыларын тікелей футбол алаңында шыңдауға мүмкіндік берді. Бұл жоба болашағын футболмен және төрелікпен байланыстырғысы келетін жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған.
Курс спикерлері ретінде ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің нұсқаушысы Артем Кучин мен тәжірибелі төреші Тимур Тұрсымбаев дәріс берді. Олар қатысушылармен өз білімдері мен жинақтаған тәжірибелерімен бөлісіп, төрелік саласындағы кәсіби мансапты дамыту бойынша құнды кеңестер берді.
Жоба жастарға жаңа мамандық үйренуге және футбол әлемінде алғашқы қадамдарын жасауға мүмкіндік береді. Курс түлектері алғашқы кезеңнің өзінде-ақ қалалық және әуесқой жарыстардың матчтарына төрелік етіп, кейін оқуын жалғастыру арқылы кәсіби деңгейге көтеріле алады.
Семинар соңында барлық қатысушылар курсты аяқтағаны туралы сертификаттарға ие болды. Мұндай бастамалар жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектеседі және Қазақстанның футбол инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосады.