«Академия Оңтүстік» – «Тараз» матчының төрешілері ҚФФ аясындағы ойындардан шеттетілді

«Академия Оңтүстік» – «Тараз» матчының төрешілері ҚФФ аясындағы ойындардан шеттетілді

06 мамыр 2026, 16:40
Қазақстан футбол федерациясы Бірінші лиганың 2026 жылғы маусымындағы 4-тур аясында өткен «Академия Оңтүстік» пен «Тараз» командалары арасындағы кездесуді сараптау қорытындысы бойынша шешім қабылданғанын хабарлайды.

Төрешілердің жұмысын бағалау нәтижесінде бас төреші Николай Дышкант пен оның көмекшісі Дмитрий Дышканттың іс-әрекеттеріне берілген бағаны төмендету туралы шешім қабылданды. Екі төреші де белгісіз мерзімге ҚФФ аясындағы матчтарға төрелік етуден шеттетілді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары