Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы Өзбекстанды екінші рет жеңді

Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы Өзбекстанды екінші рет жеңді

05 мамыр 2026, 16:20
Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы Түркістанда өткен жолдастық кездесулер аясында Өзбекстан ұжымын екінші рет жеңді. Ойын Василий Смолин шәкірттерінің пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

Қазақстан құрамасына жеңісті Тимофей Морозов, Ильдар Байқасинов және команда капитаны Заур Гайдаржи соққан голдар сыйлады. Айта кетейік, бұл қазақстандық жасөспірімдердің соңғы күндердегі екінші жеңісі: 4 мамырда Өзбекстан құрамасына қарсы өткен алғашқы ойында да Қазақстан U-19 құрамасы 3:1 есебімен қарсыластарынан басым түсті.

Қазақстан U-19 – Өзбекстан U-19 – 3:2

Қазақстан құрамасының голдары: Морозов, Байқасинов, Гайдаржи

Қазақстан U-19: Ерошенков (қ), Ахметов, Гайдаржи (к), Амандос, Вольман, Мұнбаев, Тихоплав, Морозов, Ковылин, Төлеш, Ерболұлы, Мейрамұлы, Торғауыт, Мұхтаров, Байқасинов.

Аға жаттықтырушы: Василий Смолин.

5 мамыр, 2026 жыл. Түркістан, Olympic Center.

Түркістандағы Olympic Center спорт кешенінде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны 11 мамырға дейін жалғасады. Бұл жиын мен ойындар команданың 2027 жылы Қазақстанда өтетін Еуропа чемпионатына дайындығының маңызды кезеңі болып табылады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары