ҚФФ Қазақстан ұлттық құрамаларына арналған жаңа ойын формасын таныстырды

ҚФФ Қазақстан ұлттық құрамаларына арналған жаңа ойын формасын таныстырды

01 мамыр 2026, 15:00
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамаларға арналған жаңа ойын формаларын таныстырды. Adidas компаниясы UEFA-ның UEFA Kit Assistance Scheme бағдарламасы аясында жаңа жиынтықты дайындады.

Жаңа экипировка үйдегі ойындарға (сары түсті) және  сырт алаңдағы (көк түсті) кездесулерге арналған екі жиынтықтан тұрады. Қазақстан құрамасы аталған бағдарлама аясында Adidas компаниясынан форма алған Еуропаның он ұлттық құрамасының қатарына енді. Ұлттық құрамалар жаңа формамен алдағы екі жыл бойы өнер көрсетеді.

UEFA Kit Assistance Scheme - ұлттық қауымдастықтарды қолдауға бағытталған және олардың қажеттілігіне сай заманауи спорттық киіммен қамтитын бағдарлама. Сонымен қатар, қатысушыларға Adidas Locker Room сервисі қолжетімді. Бұл жүйе арқылы жеке дизайндағы экипировкаларды әзірлеуге және тапсырыс беруге болады.

Ұлттық құраманың жаңа формадағы алғашқы матчы маусымда өтеді. Қазақстан құрамасы жолдастық кездесулерде Армения және Венгрия құрамаларына қарсы алаңға шығады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары