ҚФФ Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті

ҚФФ Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті

29 сәуір 2026, 10:10
2026 жылғы 22 сәуірде Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті.

Freedom QJ League. 1 тур

«Ордабасы» – «Ақтөбе»

Команданың тәртіпсіз әрекеті, яғни 5 (бес) ойыншының ескерту алуына байланысты Freedom QJ League 2026 жылғы 1 турдағы «Ордабасы» – «Ақтөбе» матчы бойынша ТР 48-бабы 1) тармақшасына сәйкес «Ордабасы» клубына 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 22 мамырға дейін төлеу қажет.

Команданың тәртіпсіз әрекеті, яғни 5 (бес) ойыншының ескерту алуына байланысты Freedom QJ League 2026 жылғы 1 турдағы «Ордабасы» – «Ақтөбе» матчы бойынша ТР 48-бабы 1) тармақшасына сәйкес «Ақтөбе» клубына 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 22 мамырға дейін төлеу қажет.

 

U-17. 1 тур

«Шахтер» – «Тараз»

Қарсыласқа қатысты спортқа жат қылық көрсеткені үшін Freedom QJ League U-17 2026 жылғы 1 турдағы «Шахтер» – «Тараз» матчы бойынша ТР 44-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес «Шахтер» командасының ойыншысы Данила Терентьев 3 (үш) матчқа шеттетілді. Шеттетілу мерзімі 2026 жылғы 19 сәуірден бастап есептеледі.

«Қайсар» – «Тобыл»

Матчтың 6 минутқа кеш басталуы (жедел жәрдем көлігінің кеш келуіне байланысты) үшін Freedom QJ League U-17 2026 жылғы 1 турдағы «Қайсар» – «Тобыл» матчы бойынша ТР 63-бабы 1-тармағына сәйкес «Қайсар» клубына 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 22 мамырға дейін төлеу қажет.

«ҚФФ Академиясы» – «Жас Қыран»

Жанкүйерлердің тәртіпке сай емес әрекеті, яғни төрешілерге қатысты балағат және қорлайтын сөздер айтуына байланысты Freedom QJ League U-17 2026 жылғы 1 турдағы «Академия ҚФФ» – «Жас Қыран» матчы бойынша ТР 64-бабы 2-тармағына сәйкес «Жас Қыран» клубына 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 22 мамырға дейін төлеу қажет.

 

U-16. 1 тур

«Астана» – «Каспий»

Команданың тәртіпсіз әрекеті, яғни 2 (екі) ойыншының алаңнан қуылуына байланысты Freedom QJ League U-16 2026 жылғы 1 турдағы «Астана» – «Каспий» матчы бойынша ТР 48-бабы 2) тармақшасына сәйкес «Каспий» клубына 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 22 мамырға дейін төлеу қажет.

 

U-15 (А). 1 тур

«Ертіс» – «Қайрат»

Матчты дұрыс ұйымдастырмау, яғни электронды таблоның болмауына байланысты Freedom QJ League U-15 (А) 2026 жылғы 1 турдағы «Ертіс» – «Қайрат» матчы бойынша ТР 67-бабына сәйкес «Ертіс» клубына ескерту берілді. Кемшілік келесі матчқа дейін жойылуы тиіс.

«Астана» – «Каспий»

Матчты ұйымдастыру талаптарын сақтамау, яғни ойынның 15 минутқа кеш басталуы (жедел жәрдем көлігінің кеш келуі) және алаңға баланың жүгіріп шығуына байланысты Freedom QJ League U-15 2026 жылғы 1 турдағы «Астана» – «Каспий» матчы бойынша ТР 63-бабы 1-тармағы және 37-бабына сәйкес «Астана» клубына 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 22 мамырға дейін төлеу қажет.

«Ақтөбе» – «Ордабасы»

Допқа ойнау мүмкіндігінсіз қауіпті өрескел ойын көрсеткені үшін Freedom QJ League U-15 2026 жылғы 1 турдағы «Ақтөбе» – «Ордабасы» матчы бойынша ТР 44-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес «Ордабасы» командасының ойыншысы Жанторе Сеилхан 3 (үш) матчқа шеттетілді. Шеттетілу мерзімі 2026 жылғы 20 сәуірден бастап есептеледі.

Жанкүйерлердің тәртіпке сай емес әрекеті, яғни төрешілерге қатысты балағат сөздер айтуына байланысты осы матч бойынша ТР 64-бабы 1-тармағына сәйкес «Ақтөбе» клубына 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 22 мамырға дейін төлеу қажет.

 

Бірінші лига. 2 тур

«Ақтөбе Ж» – «Тараз»

Матчты дұрыс ұйымдастырмау, қауіпсіздік талаптарын сақтамау және Регламент талаптарын бұзу (жанкүйерлердің алаңға жүгіріп шығуы) үшін Бірінші лига 2026 жылғы 2 турдағы «Ақтөбе Ж» – «Тараз» матчы бойынша ТР 63-бабы 1-тармағына сәйкес «Ақтөбе» клубына 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 22 мамырға дейін төлеу қажет.

 

Премьер-лига. 6 тур

«Қайсар» – «Алтай Өскемен»

Команданың тәртіпсіз әрекеті, яғни 5 (бес) ойыншының ескерту алуына байланысты Премьер-лига 2026 жылғы 6 турдағы «Қайсар» – «Алтай Өскемен» матчы бойынша ТР 48-бабы 1) тармақшасына сәйкес «Алтай Өскемен» клубына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 22 мамырға дейін төлеу қажет.

«Елімай» – «Астана»

Матчтың 2 минутқа кеш басталуына байланысты Премьер-лига 2026 жылғы 6 турдағы «Елімай» – «Астана» матчы бойынша ТР 67-бабына сәйкес «Елімай» клубына ескерту берілді.

«Ордабасы» – «Атырау»

Матчты дұрыс ұйымдастырмау, яғни төрешілер көлігінің стадион аумағына кіруін қамтамасыз етпеуге байланысты Премьер-лига 2026 жылғы 4 турдағы «Ордабасы» – «Атырау» матчы бойынша ТР 67-бабына сәйкес «Ордабасы» клубына ескерту берілді.

«Ертіс» – «Жетісу»

Қайталанған бұзушылықтар (алмастыру таблосының істен шығуы, өрт сөндіру көлігінің болмауы, көрермендерді тексерудің болмауы және техникалық аймақта тәртіптің сақталмауы) үшін Премьер-лига 2026 жылғы 6 турдағы «Ертіс» – «Жетісу» матчы бойынша ТР 63-бабы 1-тармағы және 37-бабына сәйкес «Ертіс» клубына 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 22 мамырға дейін төлеу қажет.

«Қайсар» – «Алтай Өскемен»

Матчтың 4 минутқа кеш басталуы және жанкүйерлердің тәртіпке сай емес әрекеті (алаңға бөгде зат лақтыру) үшін Премьер-лига 2026 жылғы 6 турдағы «Қайсар» – «Алтай Өскемен» матчы бойынша ТР 63-бабы 1-тармағы және 37-бабына сәйкес «Қайсар» клубына 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 22 мамырға дейін төлеу қажет.

«Атырау» – «Қызылжар»

Ресми тұлғаға қатысты балағат сөздер қолданғаны үшін Премьер-лига 2026 жылғы 6 турдағы «Атырау» – «Қызылжар» матчы бойынша ТР 45-бабына және ҚФФ Әдеп кодексінің 2-тарауы 9-тармағына сәйкес «Қызылжар» командасының бапкер көмекшісі Иван Евич 4 (төрт) матчқа шеттетілді. Шеттетілу мерзімі 2026 жылғы 20 сәуірден бастап есептеледі.

«Ұлытау» – «Тобыл»

Қайталанған бұзушылықтар (алаңды суармау, медициналық пункттің толық жабдықталмауы және техникалық аймақта бөгде адамдардың болуы) үшін Премьер-лига 2026 жылғы 6 турдағы «Ұлытау» – «Тобыл» матчы бойынша ТР 63-бабы 1-тармағы және 37-бабына сәйкес «Ұлытау» клубына 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 22 мамырға дейін төлеу қажет.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары