Қазақстан U-16 құрамасы УЕФА Даму турнирінде Әзербайжан U-16 құрамасымен кездесті

Қазақстан U-16 құрамасы УЕФА Даму турнирінде Әзербайжан U-16 құрамасымен кездесті

27 сәуір 2026, 20:30
Қазақстан U-16 құрамасы УЕФА Даму турнирінің екінші ойынын Әзербайжан U-16 құрамасына қарсы өткізді.

Ойынның 18-минутында Әзербайжан U-16 құрамасының ойыншысы Руслан Гулиев Қазақстан U-16 құрамасының қақпасына гол соғып, өз командасын алға шығарды. Екінші таймда орын алған ойыншы алмастырулар Қазақстан құрамасының ойынына серпін берді. 74-минутта қосалқы құрамнан алаңға шыққан Әмірхан Маратов Давид Заречныйдың пасынан кейін есепті теңестірді.

Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Пенальти сериясында Қазақстан U-16 құрамасы 4:2 есебімен Әзербайжан U-16 құрамасына жол берді.

Әзербайжан U-16 – Қазақстан U-16 – 1:1 (пенальти 4:2)

Голдар: Руслан Гулиев 18 – Әмірхан Маратов 74

Қазақстан U-16: Заманбек (Қ), Турищев, Қаси, Оразғалиев, Лисохмар (Маратов 60), Дұтпаев (Болат 71), Шипицин (Абуов 60), Заречный (Бапишев 90), Дәуренов (Мендіқанов 71), Шалыгин (Қанат 60), Төленді (Салимов 61);

Қосалқы құрам: Мирахматов, Ілиясов, Салимов, Маратов, Бапишев, Меңдіқанов, Болат, Абуов, Қанат;

Аға бапкер: Русланжан Раимбакиев

Әзербайжан U-16: Мералиев (Қ), Гулиев, Фарзали, Набиев, Хажизада (Байрамов 71), Мамадли, Хусейнзаде, Шикар (Оруджалиев 85), Асгарзаде (Шейдаев 61), Алиев (Балакишиев 46), Абилов (Мирза 61);

Қосалқы құрам: Аббасли, Азизли, Балакишиев, Ахмадзада, Шейдаев, Оруджалиев, Алиев, Байрамов, Мирза

Аға бапкер: Агил Набиев

27 сәуір, 2026. «Намыс» стадионы, Шымкент (Қазақстан)

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары