UEFA «В-Goalkeeper» бапкерлер курсына тыңдаушыларды қабылдау басталды
Оған қатысуға ниетті кандидаттар Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына кіріп, «Техникалық орталық» бөлімінде өтінім беріп, тіркеу формасын толық толтыруы қажет. Сонымен қатар талаптарға сәйкес қажетті құжаттарды жолдау қажет.
UEFA «В-Goalkeeper» лицензиясы курсына қабылдаудың негізгі талаптары:
1. Үміткерде қолданыстағы UEFA «С» санаты лицензиясы болуы тиіс.
2. «С» лицензиясын алғаннан кейін қақпашы бапкері ретінде кемінде 6 ай жұмыс тәжірибесі болуы керек.
3. Дене шынықтыру саласында арнаулы орта немесе жоғары білімі болуы қажет.
4. Курстың өту тілін (қазақ немесе орыс тілі) ауызша және жазбаша түрде еркін меңгеруі тиіс.
5. Тіркелу үшін келесі құжаттарды ұсынасыз:
– ойыншы және бапкерлік тәжірибе көрсетілген түйіндеме;
– жеке куәлік немесе паспорт;
– наркологиялық және психоневрологиялық диспансерден анықтама;
– сотталмағаны туралы анықтама;
6. Футболмен байланысты практикалық сабақтарға денсаулығында қарсы көрсетілім болмауы тиіс (медициналық анықтама).
7. Оқу барысында кандидат ҚР-да тиісті деңгейдегі футбол құрылымында тұрақты түрде бапкерлік тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болуы қажет.