Астанада «Былғары доп» мектеп лигасының финалдық кезеңі басталды: бірінші ойын күнінің қорытындысы

Астанада «Былғары доп» мектеп лигасының финалдық кезеңі басталды: бірінші ойын күнінің қорытындысы

26 сәуір 2026, 07:20
Астана қаласында жасөспірімдер командалары арасында «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі басталды.

Турнирге еліміздің 15 өңірінен 15 команда қатысуда. «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бірлескен ұйымдастыруымен өтеді.

Бірінші ойын күні жеті матч өтті:

Түркістан – Ақтөбе – 1:2
Алматы облысы – Астана – 2:3
Жетісу облысы – Қызылорда – 0:0
Ақмола облысы – Жамбыл облысы – 1:2
Ұлытау облысы – Қарағанды облысы – 6:0
Абай облысы – Атырау – 2:2
Маңғыстау облысы – Шымкент – 2:1

Екінші ойын күнінің (26 сәуір) матч кестесі:

Air Arena

08:00 – 10:00 – Шымкент – Алматы
10:00 – 12:00 – Астана – Жетісу
12:00 – 14:00 – Жамбыл облысы – Түркістан облысы
14:00 – 16:00 – Ақтөбе – Ақмола облысы

ҚФФ манежі

12:00 – 14:00 – Қызылорда – Алматы облысы
14:00 – 16:00 – Атырау – Ұлытау облысы
16:00 – 18:00 – Қарағанды облысы – Абай облысы

Турнир матчтары 26 сәуірде жалғасады. Финалдық кезең 30 сәуірге дейін өтеді.

Бөлісу
Жоғары