Діни конфессиялар арасында «ҚФФ Достық кубогы» турнирі өтеді
Жарысқа 9 конфессияны таныстыратын 15 команда қатысады. Турнирдің бас серіктесі – «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры.
Турнир жыл сайын дәстүрге айналып, өзара түсіністікті нығайтатын маңызды алаң ретінде қалыптасты. Турнир еліміздегі діни бірлестіктер арасындағы келісімді, бейбітшілік және достық құндылықтарын насихаттауды, олардың арасындағы байланысты дамыту және нығайту мақсатында ұйымдастырылады. Қатысушылар спорт арқылы тек жарысып қоймай, өзара сенім орнатып, диалог жүргізіп, тұрақты достық қарым-қатынас қалыптастырады.
Турнир Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтуға ықпал етіп, өзара құрмет пен ашықтық қоғамдағы татулықтың берік негізі екенін еске салады.
Турнирге қатысушы командалар:
1. «ҚМДБ Алаш» (Ислам)
2. «Сұлтан» (Ислам)
3. «Әл Фаттах» (Ислам)
4. «АПМД» (Православ шіркеуі)
5. «Аксиос» (Константино-Еленин соборы, православ шіркеуі)
6. «Фатима» (Рим-католик шіркеуі)
7. «Catholic Team» (Рим-католик шіркеуі)
8. «ЕХБ» (Евангелдік христиандар-баптистер)
9. «Библейлік лига» (Евангелдік христиандар-баптистер)
10. «Сәлем» (Евангелдік христиандар-баптистер)
11. «Шаңырақ» (Евангелдік христиандар)
12. «Агапе» (Пятидесятник шіркеуі)
13. «Благодать» (Пресвитериан шіркеуі)
14.«Лиахона» (Иса Мәсіхтің соңғы күндер әулиелері шіркеуі)
15. «Бахаи Астана» (Бахаи)