Айжан Кенжина: «Әйелдер лигасы жаңа форматта өтеді»
27 сәуір 2026, 16:10
«Биылғы маусым отандық әйелдер футболы тарихындағы ең ауқымды әрі қызықты кезеңдердің бірі болмақ. Чемпионатқа 19 команда қатысып, лига екі конференцияға бөлінеді. А конференциясында – 9 команда, Б конференциясында – 10 команда ойнайды.
Командалар екі кезеңдік жүйе бойынша өзара кездесулер өткізеді. Одан кейін әр конференциядан 1 және 2 орын алған клубтар жартылай финал мен финалда чемпиондық үшін таласады.
Конференцияларға бөлу спорттық қағидат негізінде жүзеге асырылды. Басты мақсат – чемпионды анықтау ғана емес, сонымен қатар таланттарды шыңдайтын тұрақты кәсіби орта қалыптастыру», деді Аайжан Кенжина.
Жаңалықтар
27 сәу., 16:00
27 сәу., 15:40
25 сәу., 18:10
25 сәу., 12:09
25 сәу., 12:06