Қазақстан WU-16 құрамасының Халықаралық даму турниріне қатысатын құрамы анықталды
Турнирге Қазақстаннан бөлек Эстония, Израиль және Өзбекстан қыздар құрамалары қатысады. Матчтар 3, 5 және 8 мамыр күндері Талғардағы ҚФФ Ұлттық құрамалар базасында өтеді.
Юлия Мамонова бастаған 16 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Алматыда 25 сәуірде оқу-жаттығу жиынын бастайды.
Қақпашылар: Ақнұр Жақсыкелді, Екатерина Алещенко (екеуі де – «Қайрат»), Айша Шәріп («Астана»);
Қорғаушылар: Кәусар Алпысбай, Динара Дүрмекбаева, Елизавета Остертак, София Яшкова (бәрі – «Қайрат»), Сабина Айтчанова, Валерия Косарева («Ертіс»), Айнель Сманова («Астана»), Анастасия Шерстнёва («Тобыл»);
Жартылай қорғаушылар: Айнұр Әнуарбек, Нұрай Болатова («Жетісу»), Саида Дүйсембаева («Шахтер»), Оксана Никитченко («Қайрат»), Алина Сартаева («Тобыл»), Даяна Түлебаева («Ақтөбе»), Жібек Марат («Зенит-Аланья», Түркия);
Шабуылшылар: Айжан Есіркепова («Ақтөбе»), Зарэма Мақсот, Софья Рыбак («Астана»), Милена Николенко, София Ягудина (екеуі де – «Қайрат»), Тахмина Ташбоева («Тараз»), Балжан Төлеміс («Жетісу»);
Жаттықтырушылар штабы: Юлия Мамонова – аға бапкер, Сюзанна Корнецова – аға бапкердің көмекшісі, Екатерина Красюкова – дене даярлығы бапкері, Ирина Саратовцева – қақпашылар бапкері, Айдана Рамазанова – дәрігер, Ләйла Есімжанова – массажист, Ренат Шайхесламов – бейнеоператор, Серік Жугралин – менеджер.