Футзалдан Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Өзбекстанға қарсы екі матч өткізеді
Оқу-жаттығу жиыны 1-11 мамыр аралығында Түркістан қаласындағы Olympic Center спорт кешенінде өтеді. Жиын аясында Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді деп жоспарланған.
Ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Сұңқар Мұхтаров («Семей»), Адис Ахметов («Қарағанды»), Әмір Рымжанов («Тұлпар»);
Алаңдағы ойыншылар: Ильнар Байқасынов, Владимир Вольман (екеуі де – «Тұлпар»), Заур Гайдаржи, Асанәлі Мұнбаев, Владимир Тихоплав, Тимофей Морозов, Никита Ковылин (барлығы – «Аят»), Серікбол Төлеш («Бәйтерек»), Артур Ерошенков («Қайрат»), Расул Ерболұлы, Жанмұрат Амандосов, Олжас Мейрамұлы, Нияз Алпысбай (барлығы – «Атырау»), Әлібек Торғауыт («Сайран»).
Жаттықтырушылар штабы: Василий Смолин – аға бапкер («Аят»), Жақсылық Әлішбаев – аға бапкердің ассистенті («Каспий»), Сержан Шуманбаев – қақпашылар жаттықтырушысы («Ақтөбе»), Михаил Мылисов – дене даярлығы жаттықтырушысы («Бәйтерек»), Ахмадхон Искандаров – дәрігер, Ойбек Пулатов – массажист, Әлім Қайырлы – менеджер.
Жолдастық матчтардың кестесі:
4 мамыр 17:00. Қазақстан U-19 – Өзбекстан U-19
5 мамыр 14:00. Қазақстан U-19 – Өзбекстан U-19