Қазақстан WU-16 құрамасы УЕФА Даму турнирін ірі жеңіспен бастады

Қазақстан WU-16 құрамасы УЕФА Даму турнирін ірі жеңіспен бастады

03 мамыр 2026, 12:10
16 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Талғардағы ҚФФ Ұлттық құрамалар базасында басталған УЕФА Даму турнирінің алғашқы матчында Эстония құрамасын 5:1 есебімен жеңді.

Алғашқы таймда Қазақстан құрамасы үш бірдей гол соқты. Даяна Төлебаева есепті ашса, Милена Николенко есепті еселей түсті. Ал үшінші голды Нұрай Болатова соқты. Екінші таймда Милена Николенко дубль жасаса, Кәусар Алпысбай Қазақстан құрамасының бесінші голын соқты.

Юлия Мамонованың шәкірттері келесі ойынды 5 мамыр күні Израиль WU-16 құрамасына қарсы өткізеді.

Қазақстан WU-16 – Эстония WU-16 – 5:1 (3:0)

Голдар: Даяна Төлебаева 16, Милена Николенко 20, Нұрай Болатова 24, Милена Николенко 48, Кәусар Алпысбай 56 – Мерлин Тойрк 80

Қазақстан WU-16: Жақсыгелді (Қ), Алпысбай, Остертак, Сманова, Қосарева (к), Болатова, Марат, Мақсот, Төлебаева, Ягудина, Николенко

Қосалқы құрам: Шәріп (Қ), Айтжанова, Әнуарбек, Никитченко, Рыбак, Сартаева, Ташбоева, Яшкова, Есіркепова

Аға бапкер: Юлия Мамонова

Эстония WU-16: Хертманн (Қ), Эсна, Лехтсаар, Таммекиви, Матто (к), Лейдас, Доболина, Абассова, Графова, Коол, Паюсте

Қосалқы құрам: Саммал (Қ), Рейла, Луик, Тойрк, Рей, Аэдла, Маэвали, Клименко, Тохвер

Аға бапкер: Карл Моол

03 мамыр, 2026. ҚФФ Ұлттық құрамалар база, Талғар

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары