Жағажай футболынан Қазақстан құрамасының Әзербайжандағы ОЖЖ-ға шақырылған ойыншылар тізімі анықталды

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасының Әзербайжандағы ОЖЖ-ға шақырылған ойыншылар тізімі анықталды

02 мамыр 2026, 10:47
Қазақстан футбол федерациясы Әзербайжанда өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырылған жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құраманың құрамын анықтады.

Қақпашылар: Виктор Чорный («Havana», Швейцария), Дастамиден Дагиев, Даниель Кошкарев («Арман»)

Қорғаушылар: Саят Әшімов («Малайсары»), Станислав Макагон, Денис Гулый, Игорь Демешко, Михаил Кайзер, Владислав Шевчук («Арман»), Әбдіқадыр Курбанов, Жасулан Исаев («Omega»)

Шабуылшылар: Баянбек Муралинов, Тимур Ершин, Ансат Мұратұлы, Алан Минбаев, Артур Деринг («Арман»), Арман Шотанов («Barqy»)

Бапкерлер және әкімшілік штаб: бапкер-кеңесші әрі тәлімгер - Антон Шкарин, бас бапкердің міндетін атқарушы - Дмитрий Перевёртов, менеджер - Берік Өмірбаев, дәрігер - Эльдар Исаев, массажист - Мәди Надырбеков.

Оқу-жаттығу жиыны 1-10 мамыр аралығында Баку қаласында өтеді. Жиын барысында ұлттық құрама жаттығу сабақтарын өткізіп, теориялық дайындықтан өтеді. Сондай-ақ Әзербайжан құрамасына қарсы бірқатар жолдастық матчтар болады.

Бұл жиын ұлттық құраманың Еуролигадағы маусымына дайындықтағы маңызды кезеңдердің бірі саналады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары