Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы жолдастық кездесуде Өзбекстанды жеңді

Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы жолдастық кездесуде Өзбекстанды жеңді

04 мамыр 2026, 19:30
Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы Түркістанда өткен жолдастық матчта Өзбекстан U-19 құрамасын 3:1 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасының сапында голдарды Жанмұрат Амандос, Ильдар Байқасинов және Заур Гайдаржи соқты.

Василий Смолиннің ұжымы Өзбекстан U-19 құрамасына қарсы екінші жолдастық матчты 5 мамыр күні 14:00-де өткізеді. Ойын тікелей эфирде KFF Jastar YouTube-арнасында көрсетіледі. Қазақстан U-19 құрамасының Түркістандағы оқу-жаттығу жиыны 11 мамырға дейін Olympic Center спорт кешенінде жалғасады.

Қазақстан U-19 – Өзбекстан U-19 – 3:1

Голдар: Амандос (1:0), Байқасинов (2:0), Гайдаржи (3:1) – Абдулвосиев (2:1)

Қазақстан U-19 құрамасы: Ерошенков (Қ), Ахметов, Гайдаржи (К), Амандос, Вольман, Мұнбаев, Тихоплав, Морозов, Ковылин, Төлеш, Ерболұлы, Мейрамұлы, Торғауыт, Мұхтаров, Байқасинов

Аға бапкер: Василий Смолин

2026 жылғы 4 мамыр. Түркістан, Olympic Center.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары