Қазақстан WU-16 құрамасы УЕФА Даму турнирінде жеңіліс тапты

Қазақстан WU-16 құрамасы УЕФА Даму турнирінде жеңіліс тапты

05 мамыр 2026, 17:30
16 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Талғардағы ҚФФ Ұлттық құрамалар базасында өтіп жатқан УЕФА Даму турниріндегі екінші ойында Израильден жеңілді.

Есепті бірінші таймда Израиль құрамасының ойыншылары ашты. Екінші таймда Қазақстан WU-16 құрамасының шабуылшысы Милана Николенко таразы басын теңестіргенімен, мач соңында қонақ команда жеңісті жұлып алып кетті. 

Юлия Мамонованың шәкірттері келесі ойынды 8 мамыр күні Өзбекстан WU-16 құрамасына қарсы өткізеді.

Қазақстан WU-16 – Израиль WU-16 – 1:2 (0:1)

Голдар: Николенко 68 – Абигайл 45, Рони 90

Қазақстан WU-16: Жақсыгелді (Қ), Алпысбай, Остертак, Сманова, Косарева (к), Болатова, Никитченко, Есіркепова, Төлебаева, Ягудина (к), Николенко

Қосалқы құрам: Шәріп (Қ), Айтжанова, Әнуарбек, Рыбак, Сартаева, Ташбоева, Яшкова, Марат, Мақсот

Аға бапкер: Юлия Мамонова

Израиль WU-16: Нитзан (Қ), Майя, Тахел, Орен, Яара, Элла, Шай, Лиа, Абигайл, Амит, Михал

Қосалқы құрам: Алма (Қ), Ноя, Элла, Рони, Лиан, Ноя, Элиан, Ноа Хамелис, Ноа Мегира

Аға бапкер: Арие Леви

5 мамыр, 2026. ҚФФ Ұлттық құрамалар база, Талғар

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары