Қазақстан құрамасының Армения мен Мажарстанға қарсы ойындарға шақырту алған жалпы тізімі
Кеңейтілген тізімге 36 ойыншы енді:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Мұхамеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»).
Қорғаушылар: Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де – «Қайрат»), Арсен Әшірбек, Әділбек Жұмаханов (екеуі де – «Елімай»), Сұлтанбек Астанов, Сергей Малый (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар»).
Жартылай қорғаушылар: Айбол Әбікен, Батырхан Тәжібай (екеуі де – «Қайсар»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхаммед Қараман, Станислав Басманов, Бауыржан Исламхан (барлығы – «Астана»), Серікжан Мужиков («Жетісу»), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай (екеуі де – «Елімай»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес»).
Шабуылшылар: Роман Муртазаев, Иван Свиридов (екеуі де – «Елімай»), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Мағжан Тоқтыбай, Жасұлан Әмір (екеуі де – «Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей).
Еске сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 6 маусымда Ереванда Армениямен, ал 9 маусымда Дебреценде Мажарстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.