Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Әзербайжанға жол берді

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Әзербайжанға жол берді

08 мамыр 2026, 12:24
Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасы Бакудегі оқу-жаттығу жиыны аясында Әзербайжан құрамасымен алғашқы жолдастық кездесуін өткізді.

Тартысты өткен ойын 6:4 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Қазақстан құрамасы сапында Денис Гулый, Михаил Кайзер және Тимур Ершин мергендігімен көзге түсті.

Тағы бір гол Әзербайжан құрамасының ойыншысы Сабир Аллахгулиевтің өз қақпасына соққысынан кейін тіркелді.

Екі ұжым арасындағы келесі жолдастық кездесу 9 мамырға жоспарланған.

Әзербайжан – Қазақстан – 6:4

Голдар: Орхан Мамедов, 1'06" (1:0), Сабир Аллахгулиев, 6'01" (2:1), Сабир Аллахгулиев 12'33" (3:1), Рамиль Алиев, 23'29" (4:2), Сабир Аллахгулиев, 25'55" (5:2), Иса Исаев, 32'55" (6:3) – Денис Гулый, 1'16" (1:1), Михаил Кайзер, 21'01" (3:2), Тимур Ершин, 32'25" (5:3), Сабир Аллахгулиев (автогол), 33'23" (6:4).

 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары