ҚФФ Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті

ҚФФ Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті

16 мамыр 2026, 16:45
2026 жылғы 8 мамырда Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті.

Freedom QJ League U-16. 3 тур

«Тобыл 2011» – «Каспий 2011»

Freedom QJ League U-16 маусымының 3-туры аясындағы «Тобыл 2011» – «Каспий 2011» матчында допқа ойнау мүмкіндігі бола тұра ережені өрескел бұзғаны үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес «Тобыл 2011» ойыншысы Александр Дубинин 2 матчқа дисквалификацияланды. Дисквалификация мерзімі 2026 жылдың 3 мамырынан бастап есептеледі.

Freedom QJ League U-17. 3 тур

«Каспий 2010» – «Тобыл 2010»

Freedom QJ League U-17 маусымының 3-туры аясындағы «Каспий 2010» – «Тобыл 2010» матчында мәлімдемеге енбеген ойыншының алаңға жүгіріп шығуы және спорттық емес әрекет көрсетуі салдарынан ұйымдастыру талаптары сақталмағаны үшін, ДР-дің 63-бабы 1-тармағына сәйкес «Каспий» клубына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 8 маусымына дейін төленуі тиіс.

Freedom QJ League. 3 тур

«Қайсар» – «Жас Қыран»

Freedom QJ League маусымының 3-туры аясындағы «Қайсар» – «Жас Қыран» матчында жанкүйерлердің матчтың ресми тұлғасының атына балағат сөздер айтуы салдарынан, ДР-дің 64-бабы 1-тармағына сәйкес «Қайсар» клубына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 8 маусымына дейін төленуі тиіс.

Freedom QJ League U-15 (A), U-16 (A). 3 тур

«Ертіс» – «Тараз»

Freedom QJ League U-15 (A), U-16 (A) маусымының 3-туры аясындағы «Ертіс» – «Тараз» матчтарында өрт сөндіру қызметінің көлігі болмағаны үшін, ДР-дің 67-бабына сәйкес «Ертіс» клубына ескерту жасалды. Кемшілік келесі матчқа дейін түзетілуі керек.

Freedom QJ League U-16. 3 тур

«Атлетико 2011» – «Ордабасы 2011»

Freedom QJ League U-16 маусымының 3-туры аясындағы «Атлетико 2011» – «Ордабасы 2011» матчында команданың 5 ойыншысы ескерту алғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Атлетико» клубына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 8 маусымына дейін төленуі тиіс.

Freedom QJ League U-15 (A), U-16 (A). 3 тур

«Ақтөбе 2012» – «Қайрат 2012»

Freedom QJ League U-15 (A), U-16 (A) маусымының 3-туры аясындағы «Ақтөбе 2012» – «Қайрат 2012» матчтарында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің болмауы салдарынан матчтан кейін жанкүйерлер алаңға жүгіріп шыққаны үшін, ДР-дің 63-бабы 1-тармағына сәйкес «Ақтөбе» клубына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 8 маусымына дейін төленуі тиіс.

Екінші лига. 4 тур

«Хромтау» – «Жас Қыран»

Екінші лиганың 4-туры аясындағы «Хромтау» – «Жас Қыран» матчында команданың 4 ойыншысы мен бас бапкері ескерту алғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Жас Қыран» клубына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 8 маусымына дейін төленуі тиіс.

Екінші лиганың 4-туры аясындағы «Хромтау» – «Жас Қыран» матчында матчтың ресми тұлғасына қатысты балағат сөздер айтқаны үшін, ДР-дің 45-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Хромтау» клубының бас бапкері Ақниет Сахман 4 матчқа дисквалификацияланды. Дисквалификация мерзімі 2026 жылдың 29 сәуірінен бастап есептеледі.

Екінші лиганың 4-туры аясындағы «Хромтау» – «Жас Қыран» матчында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жеткіліксіз болуы салдарынан матчтан кейін жаппай жанжал шыққаны үшін, ДР-дің 63-бабы 1-тармағына сәйкес «Хромтау» клубына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 8 маусымына дейін төленуі тиіс.

Бірінші лига. 4 тур

«Жайық» – «Қайрат-Жастар»

Бірінші лиганың 4-туры аясындағы «Жайық» – «Қайрат-Жастар» матчында жанкүйердің алаңға жүгіріп шығуына байланысты ұйымдастыру талаптары сақталмағаны үшін, ДР-дің 63-бабы 1-тармағына сәйкес «Жайық» клубына 40 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 8 маусымына дейін төленуі тиіс.

«Оңтүстік Академиясы» – «Тараз»

Бірінші лиганың 4-туры аясындағы «Оңтүстік Академиясы» – «Тараз» матчында команданың 3 ойыншысы ескерту алып, 2 ойыншысы алаңнан қуылғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Тараз» клубына 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 8 маусымына дейін төленуі тиіс.

Бірінші лиганың 4-туры аясындағы «Оңтүстік Академиясы» – «Тараз» матчында команда өкілдерінің матчтың ресми тұлғаларына балағат сөз айтып, доп лақтырғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 3) тармақшасына сәйкес «Тараз» клубына 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 8 маусымына дейін төленуі тиіс.

OLIMPBET Қазақстан Кубогы. 1/8 финал

«Алтай» – «Ұлытау»

OLIMPBET Қазақстан Кубогының 1/8 финалындағы «Алтай» – «Ұлытау» матчында допқа ойнау мүмкіндігі бола тұра өрескел ойын көрсеткені үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес «Ұлытау» ойыншысы Котаро Киши 2 матчқа дисквалификацияланды. Дисквалификация мерзімі 2026 жылдың 1 мамырынан бастап есептеледі.

«Оқжетпес» – «Жеңіс»

OLIMPBET Қазақстан Кубогының 1/8 финалындағы «Оқжетпес» – «Жеңіс» матчында жанкүйерлердің стадион кіреберісі мен баспалдақтарда тұруы, сондай-ақ ойыншылар формасындағы титулдық демеуші шеврондарының дұрыс орналастырылмауы салдарынан қауіпсіздік және регламент талаптары сақталмағаны үшін, ДР-дің 63 және 67-баптарына сәйкес «Оқжетпес» клубына 60 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 8 маусымына дейін төленуі тиіс.

«Ордабасы» – «Каспий»

OLIMPBET Қазақстан Кубогының 1/8 финалындағы «Ордабасы» – «Каспий» матчында ойын формасындағы шеврондарды орналастыру талаптары сақталмағаны үшін, ДР-дің 67-бабына сәйкес «Каспий» клубына ескерту жасалды.

«Ертіс» – «Қызылжар»

OLIMPBET Қазақстан Кубогының 1/8 финалындағы «Ертіс» – «Қызылжар» матчында жанкүйерлердің матчтың ресми тұлғасына бірнеше рет балағат сөз айтуы салдарынан, ДР-дің 64-бабы 1-тармағына сәйкес «Ертіс» клубына 60 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 8 маусымына дейін төленуі тиіс.

OLIMPBET Қазақстан Кубогының 1/8 финалындағы «Ертіс» – «Қызылжар» матчында ойыншылар формасында титулдық демеуші шеврондарының болмауына байланысты, ДР-дің 67-бабына сәйкес «Қызылжар» клубына 60 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 8 маусымына дейін төленуі тиіс.

«Ақтөбе» – «Елімай»

OLIMPBET Қазақстан Кубогының 1/8 финалындағы «Ақтөбе» – «Елімай» матчында команданың 5 ойыншысы ескерту алғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Ақтөбе» клубына 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 8 маусымына дейін төленуі тиіс.

OLIMPBET Қазақстан Кубогының 1/8 финалындағы «Ақтөбе» – «Елімай» матчында жанкүйерлердің матчтың ресми тұлғасына қатысты балағат сөздерді хормен айтуы үшін, ДР-дің 64-бабы 1-тармағына сәйкес «Ақтөбе» клубына 60 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 8 маусымына дейін төленуі тиіс.

Премьер-лига. 8 тур

«Ордабасы» – «Ақтөбе»

Премьер-лиганың 8-туры аясындағы «Ордабасы» – «Ақтөбе» матчында стадион таблосында видеоқайталау көрсету, пиротехникалық заттарды пайдалану және қауіпсіздік талаптарын сақтамау фактілері үшін, ДР-дің 63-бабына сәйкес «Ордабасы» клубына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 8 маусымына дейін төленуі тиіс.

«Атырау» – «Алтай»

Премьер-лиганың 8-туры аясындағы «Атырау» – «Алтай» матчында допқа ойнау мүмкіндігі бола тұра өрескел ойын көрсеткені үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес «Атырау» ойыншысы Риливан Ойнидамола Рабиу 2 матчқа дисквалификацияланды. Дисквалификация мерзімі 2026 жылдың 4 мамырынан бастап есептеледі.

Премьер-лиганың 8-туры аясындағы «Атырау» – «Алтай» матчында қауіпсіздік қызметінің болмауы, бөгде адамдардың техникалық аймақта жүруі, болбойлардың алаңға жүгіріп шығуы және баспасөз мәслихаты залындағы баннерлердің талапқа сай болмауына байланысты, ДР-дің 64-бабы 1-тармағына сәйкес «Атырау» клубына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 8 маусымына дейін төленуі тиіс.

«Қызылжар» – «Оқжетпес»

Премьер-лиганың 8-туры аясындағы «Қызылжар» – «Оқжетпес» матчында қарсыласты айқын гол соғу мүмкіндігінен айырғаны үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Қызылжар» ойыншысы Неделько Пищевич 1 матчқа дисквалификацияланды. Дисквалификация мерзімі 2026 жылдың 3 мамырынан бастап есептеледі.

Премьер-лиганың 8-туры аясындағы «Қызылжар» – «Оқжетпес» матчында интернет сапасының төмен болуына байланысты регламент талаптары сақталмағаны үшін, ДР-дің 67-бабына сәйкес «Қызылжар» клубына ескерту жасалды.

«Каспий» – «Астана»

Премьер-лиганың 8-туры аясындағы «Каспий» – «Астана» матчында қарсыласты айқын гол соғу мүмкіндігінен айырғаны үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Астана» ойыншысы Қасым Әлібек 1 матчқа дисквалификацияланды. Дисквалификация мерзімі 2026 жылдың 4 мамырынан бастап есептеледі.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары