Александр Кеплин УЕФА Еуропа Лигасы финалының делегаты болып тағайындалды

Александр Кеплин УЕФА Еуропа Лигасы финалының делегаты болып тағайындалды

18 мамыр 2026, 15:20
Қазақстан футбол федерациясы бас хатшысының міндетін атқарушы Александр Кеплин Германияның «Фрайбург» және Англияның «Астон Вилла» командалары арасындағы УЕФА Еуропа Лигасының финалдық матчына делегат болып тағайындалды.

УЕФА Еуропа Лигасының 2025/26 жылғы маусымының жеңімпазын анықтайтын бұл шешуші ойын 21 мамыр күні Ыстанбұлдағы «Бешікташ» стадионында өтеді. Матчтың басталуы – Қазақстан уақытымен түнгі сағат 00:00-де.

Александр Кеплин 2018 жылдың наурыз айынан бері УЕФА матчтарында делегат ретінде қызмет атқарып келеді.

Қазақстандық УЕФА делегаттарының еурокубоктардың мұндай маңызды бәсекелеріне тағайындалуы бірінші рет емес. Бұған дейін, 2023 жылы Олжас Абраев Англияның «Манчестер Сити» мен Испанияның «Севилья» ұжымдары арасындағы УЕФА Суперкубогы матчында делегат болып жұмыс істеген.

Айта кету керек, УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары