ҚФФ Mirai Tech компаниясымен бірлесіп футболшыларды даярлауға заманауи технологиялар енгізуде

ҚФФ Mirai Tech компаниясымен бірлесіп футболшыларды даярлауға заманауи технологиялар енгізуде

20 мамыр 2026, 16:50
Талғардағы ұлттық құрамалар базасында U-16 және U-17 жас санатындағы футболшылардың функционалдық жағдайын бағалауға арналған арнайы бақылау тесті өтті.

ҚФФ мен Mirai Tech компаниясының бірлескен жобасы аясында өткен шара ойыншылардың физикалық дайындығын арттыруға және жарақаттың алдын алуға бағытталған.

Арнайы келген мамандар инновациялық сенсорлы ұлтарақтарды қолдана отырып, жас футболшылардың қимыл биомеханикасын, соның ішінде жүріс анализін, жүгіру техникасын және қозғалыс бағытын өзгерту кезіндегі асимметриясын жіті тексерді. Тестілеу барысында екі минуттық жүріс анализі мен орташа қарқындағы жүгіру тесттеріне басымдық берілді. Мұндай жүйелі тәсіл маусым бойындағы көрсеткіштердің өзгерісін қадағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жиын аясында спорттық медицина дәрігері Бекжан Пірмаханов ойыншыларға қалпына келу үдерісіндегі жеке тәсілдің маңыздылығы туралы арнайы ақпараттық сессиялар өткізді. ҚФФ мен Mirai Tech ынтымақтастығы отандық футболда заманауи ғылыми әдістерді қолдану аясын кеңейте түспек.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары