ҚФФ Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті
Freedom QJ League B. 2 тур
«Хан-Тәңірі» – «Елімай»
Freedom QJ League B маусымының 2-туры аясындағы «Хан-Тәңірі» – «Елімай» матчында команданың 6 ойыншысы мен 2 өкілі ескерту алғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1) тармақшасына сәйкес «Елімай» клубына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 12 маусымына дейін төленуі тиіс.
Freedom QJ League U-15 (A), U-16 (A). 4 тур
«Ертіс» – «Жас Қыран»
Freedom QJ League U-15 (A), U-16 (A) маусымының 4-туры аясындағы «Ертіс» – «Жас Қыран» матчтарында өрт сөндіру көлігінің болмауы, таблоның істемеуі және жарнамалық баннерлердің қойылмауы салдарынан, ДР-дің 63-бабы 1-тармағына сәйкес «Ертіс» клубына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 12 маусымына дейін төленуі тиіс.
Freedom QJ League B. 2 тур
«Атырау» – «Жетісу»
Freedom QJ League B маусымының 2-туры аясындағы «Атырау» – «Жетісу» матчында команданың 5 ойыншысы ескерту алғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1) тармақшасына сәйкес «Атырау» клубына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 12 маусымына дейін төленуі тиіс.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің болмауы және ауыстыру таблосының істемеуі салдарынан, ДР-дің 63-бабы 1-тармағына сәйкес «Атырау» клубына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Кемшілік келесі матчқа дейін түзетілуі тиіс. Айыппұл 2026 жылдың 12 маусымына дейін төленуі керек.
Команданың 2 ойыншысы алаңнан қуылғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 2) тармақшасына сәйкес «Жетісу» клубына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 12 маусымына дейін төленуі тиіс.
Ойын тоқтаған сәтте қарсыласын ұрғаны үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес «Жетісу» ойыншылары Әмірхан Көлбаев пен Глеб Осипов 5 матчқа дисквалификацияланды. Дисквалификация мерзімі 2026 жылдың 11 мамырынан бастап есептеледі.
Freedom QJ League. 4 тур
«Ақтөбе» – «Шахтер»
Freedom QJ League маусымының 4-туры аясындағы «Ақтөбе» – «Шахтер» матчында команданың 5 ойыншысы мен бас бапкері ескерту алғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1) тармақшасына сәйкес «Ақтөбе» клубына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 12 маусымына дейін төленуі тиіс.
Freedom QJ League
«Атлетико»
ДР-дің 32-бабы 3-тармағына сәйкес «Атлетико» ойыншысы Жақсылық Марғұланның дисквалификациясының бір бөлігі 2026 жылдың 12 мамырынан бастап уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар, ДР-дің 32-бабы 4-тармағына сәйкес ойыншыға 6 айлық сынақ мерзімі белгіленді.
Премьер-лига. 20 тур
«Қайсар» – «Қайрат»
Премьер-лиганың 20-туры аясындағы «Қайсар» – «Қайрат» матчында команданың 5 ойыншысы ескерту алғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1) тармақшасына сәйкес «Қайрат» клубына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 12 маусымына дейін төленуі тиіс.
Жанкүйерлердің бірнеше рет түтін шашкасын жағып, балағат сөздер айтып және матчтың ресми тұлғаларына зат лақтырғаны үшін, ДР-дің 64-бабы 1-тармағына сәйкес «Қайсар» клубына 180 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 12 маусымына дейін төленуі тиіс.
Премьер-лига. 22 тур
«Ұлытау» – «Қайрат»
Премьер-лиганың 22-туры аясындағы «Ұлытау» – «Қайрат» матчында допқа ойнау мүмкіндігі бола тұра өрескел ойын көрсеткені үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес «Қайрат» ойыншысы Әділет Садыбеков 2 матчқа шеттетілді. Дисквалификация мерзімі 2026 жылдың 11 мамырынан бастап есептеледі.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жеткіліксіз болуы, жанкүйердің алаңға жүгіріп шығуы және стадионға кіреберісте турникеттердің болмауы салдарынан, ДР-дің 63-бабы 1-тармағына сәйкес «Ұлытау» клубына 60 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 12 маусымына дейін төленуі тиіс.
Премьер-лига. 9 тур
«Алтай» – «Ордабасы»
Премьер-лиганың 9-туры аясындағы «Алтай» – «Ордабасы» матчында көрермендерді тексерудің болмауы, бөгде адамдардың техникалық аймақта жүруі және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің матч аяқталмай стадионнан кетуі салдарынан, ДР-дің 63-бабы 1-тармағына сәйкес «Алтай» клубына 80 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 12 маусымына дейін төленуі тиіс.
Премьер-лига. 9 тур
«Тобыл» – «Ертіс»
Премьер-лиганың 9-туры аясындағы «Тобыл» – «Ертіс» матчында қарсыласын айқын гол соғу мүмкіндігінен айырғаны үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Тобыл» ойыншысы Роман Асранқұлов 1 матчқа шеттетілді.. Дисквалификация мерзімі 2026 жылдың 10 мамырынан бастап есептеледі.
Матч хаттамасына енгізілмеген команда өкілінің техникалық аймақта болғаны үшін, ДР-дің 67-бабына сәйкес «Тобыл» клубына ескерту жасалды.
Премьер-лига. 9 тур
«Алтай» – «Ордабасы»
Премьер-лиганың 9-туры аясындағы «Алтай» – «Ордабасы» матчында матчтың ресми тұлғасына балағат сөз айтып, агрессия көрсеткені үшін, ДР-дің 45-бабына сәйкес «Ордабасы» клубының бас бапкері Андрей Мартин 4 матчқа дисквалификацияланып, 50 АЕК көлемінде айыппұл алды. Айыппұл 2026 жылдың 12 маусымына дейін төленуі тиіс. Дисквалификация мерзімі 2026 жылдың 11 мамырынан бастап есептеледі.
Премьер-лига. 9 тур
«Елімай» – «Каспий»
Премьер-лиганың 9-туры аясындағы «Елімай» – «Каспий» матчында команда екінші таймға кеш шыққандықтан ойын 3 минутқа кеш басталды. Осыған байланысты, ДР-дің 63-бабы 1-тармағына сәйкес «Каспий» клубына 60 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 12 маусымына дейін төленуі тиіс.
Премьер-лига. 9 тур
«Ақтөбе» – «Қайсар»
Премьер-лиганың 9-туры аясындағы «Ақтөбе» – «Қайсар» матчында екі команда да алаңға кеш шыққандықтан матч 3 минутқа кеш басталды. Осыған байланысты, ДР-дің 63-бабы 1-тармағына сәйкес «Ақтөбе» мен «Қайсар» клубтарының әрқайсысына 60 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 12 маусымына дейін төленуі тиіс.
Қазақстан әйелдер чемпионаты. B конференциясы. 1 тур
«Елімай Ә» – «Тобыл Ә»
Қазақстан әйелдер чемпионаты B конференциясының 1-туры аясындағы «Елімай Ә» – «Тобыл Ә» матчында допқа ойнау мүмкіндігі бола тұра агрессивті түрде өрескел ойын көрсеткені үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес «Тобыл Ә» ойыншысы Гүлназ Сүндетбаева 2 матчқа дисквалификацияланды. Дисквалификация мерзімі 2026 жылдың 6 мамырынан бастап есептеледі.
Қазақстан әйелдер чемпионаты. A конференциясы. 2 тур
«Қайрат Ә» – «Ордабасы Ә»
Қазақстан әйелдер чемпионаты A конференциясының 2-туры аясындағы «Қайрат Ә» – «Ордабасы Ә» матчында матчтың ресми тұлғасына балағат сөз айтқаны үшін, ДР-дің 45-бабына сәйкес «Ордабасы Ә» клубының бас бапкері Асқар Айтбаев 4 матчқа дисквалификацияланды. Дисквалификация мерзімі 2026 жылдың 5 мамырынан бастап есептеледі.
Қазақстан әйелдер чемпионаты. B конференциясы. 1 тур
«Тобыл Ә» – «Астана Ә»
Қазақстан әйелдер чемпионаты B конференциясының 1-туры аясындағы «Тобыл Ә» – «Астана Ә» матчында қарсыласын айқын гол соғу мүмкіндігінен айырғаны үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Астана Ә» ойыншысы Әлия Боранбай 1 матчқа дисквалификацияланды. Дисквалификация мерзімі 2026 жылдың 29 сәуірінен бастап есептеледі.
Екінші лига (оңтүстік-батыс). 5 тур
«Қайсар Ж» – «Атырау Ж»
Екінші лиганың (оңтүстік-батыс) 5-туры аясындағы «Қайсар Ж» – «Атырау Ж» матчында команданың 5 ойыншысы мен дене даярлығы бапкері ескерту алғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1) тармақшасына сәйкес «Атырау» клубына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 12 маусымына дейін төленуі тиіс.
Екінші лига (оңтүстік-батыс). 5 тур
«Қаршыға» – «Хромтау»
Екінші лиганың (оңтүстік-батыс) 5-туры аясындағы «Қаршыға» – «Хромтау» матчында жедел жәрдем көлігі кеш келгендіктен ойын 8 минутқа кеш басталды. Осыған байланысты, ДР-дің 63-бабы 1-тармағына сәйкес «Қаршыға» клубына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 12 маусымына дейін төленуі тиіс.
Бірінші лига. 5 тур
«Batyr» – «Ақтөбе Ж»
Бірінші лиганың 5-туры аясындағы «BATYR EKB» – «Ақтөбе Ж» матчында өрт сөндіру көлігінің болмауына байланысты, ДР-дің 67-бабына сәйкес «Batyr» клубына ескерту жасалды. Кемшілік келесі матчқа дейін түзетілуі тиіс.
Бірінші лига. 5 тур
«Тобыл Ж» – «Арыс»
Бірінші лиганың 5-туры аясындағы «Тобыл Ж» – «Арыс» матчында матчтың ресми тұлғаларына балағат сөз айтқаны үшін, ДР-дің 45-бабына сәйкес «Тобыл Ж» клубының қақпашылар бапкері Расул Бердіғожинов 4 матчқа дисквалификацияланды. Дисквалификация мерзімі 2026 жылдың 8 мамырынан бастап есептеледі.