Қазақстан әйелдер құрамасының Арменияға қарсы матчқа шақырту алған ойыншылар тізімі
Ойын 5 маусымда 19:00-де Ереванда өтеді. Оқу-жаттығу жиыны 29 мамырда Алматы қаласында басталады.
Ұлттық құраманың бас бапкері Бегайым Қырғызбаева бұл ОЖЖ-ға 26 ойыншыны шақырды. Олар:
Қақпашылар: Ангелина Портнова («Астерас Триполис», Грекия), Назым Исмайлова («БИІК-Шымкент»), Виктория Зейнали («Елімай»).
Қорғаушылар: Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Анастасия Власова («Ақтөбе»), Томирис Рахатжан («Қайрат»), Юлия Мясникова («Динамо», Ресей), Александра Набокова («Шахтер»), Кристина Шустова («Елімай»), Мария Демидова («Минск», Беларусь), Анеля Сұңқарова («Астана»), Лейла Садықова («Женис»).
Жартылай қорғаушылар: Ксения Хайруллина («Қайрат»), Карина Жұмабайқызы («Ақтөбе»), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей), Қазына Норбаева («Гурник Ленчна», Польша), Элина Ирисметова («Жеңіс»).
Шабуылшылар: Аида Гайстенова, Әселхан Тұрлыбекова, Екатерина Бабшук (бәрі – «Ақтөбе»), Назым Алданазар («Қайрат»), Анеля Мамырова, Фатима Сатығалиева (екеуі де – «Елімай»), Полина Осипова («Тобыл»), Әмина Бибосынова («Турбине Потсдам», Германия).
Бапкерлер құрамы: Бегайым Қырғызбаева – бас бапкер, Виктор Семенов – бас бапкердің ассистенті, Юлия Ширяева – бас бапкердің ассистенті, Жеңіс Арыстан – дене даярлығы бапкері, Дмитрий Колбунцов – қақпашылар бапкері, Расул Маруа – сарапшы-бапкер, Мақсат Әмірбай – бейнеоператор, Азамат Оспанов – дәрігер, Максим Дудукин – массажист, Асемгүл Смағұлова – массажист, Жанболат Тыныбек – әкімші, Серік Жугралин – менеджер.