Футболдан Премьер-лиганың 11-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме
«Тобыл» – «Ордабасы»
27-минут. Алғашқы эпизодта қызыл қағаз көрсетілген сәт қарастырылады. Сары жейдедегі ойыншы допқа таласып, алға қарай секіреді және аяғын созып, қарсыласына соққы жасайды. Оның аяғы жоғары көтерілген, ал соққы қарсыластың аяғына тура тиеді. Бастапқыда төреші бұл сәтті байқамай қалды, алайда VAR мониторын қарағаннан кейін қызыл қағаз көрсетіп, әділ шешім қабылдады.
Қорытынды: қызыл қағаз дұрыс көрсетілді.
«Қайрат» – «Қайсар»
78-минут. Екінші эпизодта гол соғылар алдындағы сәт талқыланады. Қайталау кадрларынан шабуылдаушы ойыншы әріптесі пас берген сәтте қорғаушыны итеріп жібергені, содан кейін барып команданың гол соққаны анық көрінеді. Төрешіге доптан тыс жерде болған бұл эпизодты байқау өте қиын еді. Монитордан бұл сәтті мұқият қараған арбитр дұрыс шешім қабылдады: голды жоққа шығарып, қорғанушы команданың пайдасына айып соққысын белгіледі.
Қорытынды: гол дұрыс саналмады, айып соққысы дұрыс белгіленді.
«Ақтөбе» – «Қызылжар»
21-минут. Соңғы эпизодта айып алаңындағы жағдай қарастырылды. Қорғаушы допты тосып қалу үшін сырғанап барып ойнайды. Ол қарсыласына емес, дәл допқа қарай қозғалып, шабуылшының бағытымен қатар әрекет етеді. Соңғы қайталаудан шабуылшының ешқандай жанасусыз аяғын жерге тірей сала құлағаны анық көрінеді.
Қорытынды: пенальти белгілемеу туралы шешім дұрыс қабылданды.