Астанада қыздар арасындағы «Былғары доп» мектеп лигасының финалы мәресіне жетті

Астанада қыздар арасындағы «Былғары доп» мектеп лигасының финалы мәресіне жетті

26 мамыр 2026, 16:32
Астана қаласында 7-8 сынып оқушылары арасында «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының республикалық кезең матчтары аяқталды.

Бас жүлде үшін болған шешуші бәсекеде еліміздің ең үздік мектеп ұжымдары бақ сынасты. Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан келген Қайранкөл жалпы білім беретін мектебінің командасы турнир жеңімпазы атанып, алтын медальдарды еншіледі.

Екінші орынды Атырау облысының Қасым Смағұлов атындағы орта мектеп командасы иеленді. Үздік үштікті Түркістан облысы Төле би ауданының №4 Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп ұжымы түйіндеді.

Турнир қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар үздік ойыншыларды жекелеген номинациялармен марапаттады:

Үздік бапкер – Серік Бәйкенов (Абай облысы)

Үздік қақпашы – Рамиля Закирзянова (Солтүстік Қазақстан облысы)

Үздік қорғаушы – Альбина Дедяева (Абай облысы)

Үздік жартылай қорғаушы – Дильназ Мұхтарқызы (Атырау облысы)

Үздік сұрмерген – Ақниет Әбдікәрім (Түркістан облысы)

Үздік ойыншы – Айсана Бәйкен (Солтүстік Қазақстан облысы).

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары