Қазақстан құрамасы Латвиямен тағы да тең түсті

Қазақстан құрамасы Латвиямен тағы да тең түсті

15 қараша 2018, 22:50
УЕФА Ұлттар Лигасының кезекті ойынын Қазақстан құрамасы өз алаңында Латвия футболшыларын қабылдады.

Қазақстан құрамасы ойынның 37-минутында есеп ашты. Қорғаушы Ғафуржан Сүйімбаев шабуылға араласып, шеберлігнің арқасында қарсыластың қақпашысы Андрис Ванинс қорғаған қақпаны тура көздеді. Латвия футболшылары екінші таймның басында таразы басын теңестірді. Голдың авторы - Дэнис Ракельс. Нәтиже ойын соңына дейін өзгермеді. Қорытынды есеп - 1:1.

Қазақстан - Латвия - 1:1 (1:0)

Голдар: Ғафуржан Сүйімбаев 37 - Дэнис Ракельс 48

Қазақстан: Ненад Эрич (Қ) - Ғафуржан Сүйімбаев, Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К), Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов (Еркебұлан Тұңғышбаев 87), Роман Муртазаев (Максим Федин 80), Бауыржан Тұрысбек (Алексей Щеткин 74).

Резерв: Владимир Плотников (Қ), Дмитро Непогодов (Қ) - Дмитрий Мирошниченко, Александр Марочкин, Темірлан Ерланов, Исламбек Қуат, Думан Нәрзілдаев, Юрий Перцух, Оралхан Өміртаев,.

Бас бапкер - Станимир Стоилов

Латвия: Андрис Ванинс (Қ) (К) - Виталис Максименко, Каспарс Дубра, Владиславс Габовс, Валерис Шабала (Дэвис Икауниекс 72), Артур Карашаускс (Ритварс Ругинс 62), Вячеславс Исаевс, Андрейс Цыганикс (Робертс Савальниекс 46), Денис Ракельс, Игорь Тарасовс, Виталийс Ягодинскис

Резерв: Каспарс Икстенс (Қ), Павелс Штейнборс (Қ) - Антонис Черномордис, Антонс Куракинс, Алексейс Савельевс, Марцис Ошс, Вадимс Жулевс, Робертс Улдрикис.

Бас бапкер - Миксу Паателайнен

Төрешілер: Йенс Мое, Ларс Хуммельгор, Хейне Серенсен. Йорген Бурхардт, Мортен Крог.

15.11.2018. Астана. «Астана Арена». 21 463  жанкүйер.

Бөлісу
Жоғары