Миксу Паателайнен: «Қазақстан құрамасының бізден мықты екені анық»
- Ойында Артурс Карашаускс жарақат алды. Қаншалықты ауыр?
- Жарақатының қаншалықты ауыр екенін дәл қазір айту қиын. Толық тексеруден кейін барлығы белгілі болады.
- Бүгінгі ойындағы командалардың жылдамдығы туралы айтып өтсеңіз?
- Өте қиын әрі маңызды ойын болды. Жоғары деңгейде ойнауға тырыстық. Қарсыластың жылдам шабуылдарына қарсы тұру басты тапсырма болды. Ойын қарқынын үдетуге ұмтылдық. Қос команда да жеңіске жетуге ұмтылды.
- Андрей Цыганик жаттығуда ерекшеленген еді, алайда ойында байқалмады...
- Қазақстан құрамасының бізден мықты екені анық. Біздің футболшыларға қарағанда шеберлігі жоғары. Олар біздің әлсіз тұстарымызды іздеді. Жас футболшыларымыз жоспарды орындай алды. Оның арасында Андрей Цыганик те бар. Қателіктер де көп болды. Даму жолын енді бастадық. Қыруар жұмыс күтіп тұр. Біздің қақпаға гол соғылғаннан кейін, тұрақтылық жоғалды. Бауыржан Исламханды ұстау үшін көп күш жұмсалды. Оның жылдамдағы зор.
- Денис Ракель туралы не айта аласыз?
- Тарасов – жақсы ассистент. Ол тура пас шығарды. Ал, Денис Ракель шабуылды түйіндей алды. Ракель өз елінің нағыз патриоты. Оның голынан кейін команда ойынға қайта оралды. Ал, қапталдағы төреші санамаған голға көңілім толмады. Мен байқамай қалдым. Қауіпті шабуыл ұйымдастырған едік.