Қазақстан жасөспірімдер құрамасының «Даму Кубогына» шақырылған ойыншыларының кең тізімі

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының «Даму Кубогына» шақырылған ойыншыларының кең тізімі

25 қаңтар 2021, 17:30
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Даму Кубогы» халықаралық турниріне дайындықты бастады.

Жарыс 31 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Минск қаласында өтеді.

17 мәрте ұйымдастырылып жатқан турнирге Беларусь Республикасының Даму Банкі мен Минск қаласының атқарушы комитеті қолдау білдіріп отыр.

Жүлдеге Беларусь, Қазақстан, Молдова және Тәжікстан елдерінің жасөспірімдері таласады.

Ойындар Минск қаласының футбол манежінде өтеді.

Турнир ережесіне сәйкес «Даму Кубогының» жеңімпазы бір айналымның қорытындысы бойынша анықталады.

Қазақстан жасөспірімдерінің дайындығы бүгін Қазақстанның Футбол үйінде басталды.

Команданың қатарына 2004 жылдан аспайтын жасөспірімдер жиналған.

Құрлықтық жарыстардың болмауына байланысты бұл топтағы жасөспірімдер Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіне қатыспаған болатын.

Сол себепті «Даму Кубогына» қатысу арқылы жасөспірімдерге халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік бар.

Қақпашылар: Азамат Сариев («Қайрат»), Дастан Данабеков («Жетісу»), Владислав Лошкарёв («Шахтёр»);    

Қорғаушылар: Александр Мрынский, Сергей Иванов, Әмірәли Оразбек, Сұлтан Асқаров, Нұрдәулет Балакиров, Аслан Ахмедов (барлығы - «Қайрат»), Әліби Оразалы («Оңтүстік»), Ерасыл Зинабдинов («Жас-Қыран»), Никита Губарев («Оқжетпес»);

Жартылай қорғаушылар: Мирас Көбеев, Мирас Оматай, Әмір Темірғали, Әліби Мұхит, Назар Аль-Хадж (барлығы - «Қайрат»), Никита Берюков («Жас-Қыран»), Алмас Абдуалиев («Аlash-РКС»);         

Шабуылшылар: Данила Пастухов, Глеб Валгушев, Ян Труфанов (барлығы - «Қайрат»), Біржан Тоқтыбай, Мағжан Тоқтыбай (екеуі де - «Оңтүстік»), Тимур Сағынған («Шахтёр»), Мүслім Жұмат («Тараз»), Ислам Мұхамеджанов («Алтай»), Асыл Мырзахан («Ақсу»), Андрей Березуцкий («Астана»), Вадим Тян («Аlash-РКС»);

Жаттықтырушылар штабы: Кирилл Морунов - аға жаттықтырушы, Талғат Қанышев - аға жаттықтырушының көмекшісі, Өмірсерік Бекенов - дене даярлығы жаттықтырушысы, Евгений Овчинников - қақпашылардың жаттықтырушысы, Шыңғыс Какимов - дәрігер, Қуандық Ермекбаев - менеджер, Павел Лаптев - бейнеоператор.

Оқу-жаттығу жиыны санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің алдын алу шараларын қатаң сақтаумен өтеді.

«ДАМУ  КУБОГЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ

ОЙЫН КЕСТЕСІ

І тур

31 қаңтар 2021 (жексенбі)

15:00 Қазақстан – Тәжікстан

18:30 Беларусь – Молдова

ІІ тур

3 ақпан 2021 (сәрсенбі)

15:00 Тәжікстан – Молдова

18:00 Беларусь – Қазақстан

ІІ тур

6 ақпан 2021 (сенбі)

15:00 Молдова – Қазақстан

18:00 Беларусь – Тәжікстан

Ойындардың басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.

Жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу процесінің көңіл-күй фотогалереядан тамашалай аласыздар.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары