Қазақстан жастар құрамасына үміткерлер селекциялық қаралымға жиналды

Қазақстан жастар құрамасына үміткерлер селекциялық қаралымға жиналды

25 қаңтар 2021, 18:30
Алғашқы жиынға шақырылған ойыншылар жаттығуға кірісіп кетті.

28 қаңтарда жастар құрамалары арасында Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылады.

Негізгі құрамның оқу-жаттығу жиындары мен ойындары ФИФА күнтізбесі аясында өтеді.

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне 21 жасқа дейінгі ойыншылар қатысады.

Бұл жастағы құрлықтың іріктеу кезеңі наурыз айында басталмақ.

Қақпашылар: Владислав Саенко («Астана), Роман Клюшнев («Шахтёр»);

Қорғаушылар: Алексей Скворцов («Ақсу»), Даниель Мауленов («Мақтарал»), Мәди Хасейн («Жетісу»), Жалғас Жақсылықов, Дәуренбек Жүсіпов (екеуі де - «Оңтүстік»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Мирас Жеңіс («Қызыл-Жар»), Богдан Савкив («Шахтёр»);

Жартылай қорғаушылар: Дінмұхамед Қараман, Абылайхан Жұмабек (екеуі де - «Тараз»), Нұрберген Нұрбол («Жетісу), Анатолий Красотин («Ақсу»), Бекзат Иманғазеев, Хамит Шамиль, Жавланбек Бабаназаров (барлығы - «Оңтүстік»), Денис Митрофанов («Алтай»);

Шабуылшы: Алияр Мухамед («Оңтүстік»);

Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Нұрдәулетов - аға жаттықтырушы, Асқар Идрисов - аға жаттықтырушының көмекшісі, Юрий Новиков - қақпашылардың жаттықтырушысы, Александр Хабибулин - дәрігер, Станислав Ведлер - массажист, Дінмұхамед Оралов - менеджер.

Оқу-жаттығу жиыны санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің алдын алу шараларын қатаң сақтаумен өтеді.

Жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу процесінің көңіл-күй фотогалереядан тамашалай аласыздар.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары