Қазақстан жасөспірімдер құрамасының «Даму Кубогындағы» марапаттау рәсімінен фоторепортаж

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының «Даму Кубогындағы» марапаттау рәсімінен фоторепортаж

06 ақпан 2021, 21:30
Турнирде біздің құраманың 2004 жылы туған жасөспірім футболшылары бақ сынады.

Пандемияға байланысты осы жастағы балалар Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіне қатыса алмады.

Қазақстан футбол федерациясы «Даму Кубогына» команданы қатыстырып, халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік берді.

Кирилл Морунов шәкірттері жуырда ресми ойындарға қатысады.

Екінші жарты жылдықта осы жас санаты бойынша құрлық чемпионатының іріктеу кезеңі өтеді.

«Даму Кубогындағы» күміс жүлде және естелік сыйлықтардан бөлек, біздің команданың ойыншысы жеке номинация бойынша топ жарды.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Ян Труфанов бес гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанды.

Жігіттер мен жаттықтырушылар штабын жүлделерімен құттықтаймыз!

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Фото: Павел Лаптев

Бөлісу
Жоғары