Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Ұлы Отан соғысы музейін тамашалады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Ұлы Отан соғысы музейін тамашалады

07 ақпан, 20:00
Ата-бабаларымыздың ерлігін қастерлейтін тарихи нысан Минск қаласында орналасқан.

Біздің команданың ойыншылар мен жаттықтырушылары турнирден соң Беларусь елінің Ұлы Отан соғысы мемлекеттік тарихи музейінде болды.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Кирилл Моруновтың бастамасымен ойыншылардың патриотизм мен ерік-жігерін қалыптастыру және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Қазақстан жасөспірімдері «Даму Кубогы» халықаралық турниріне қатысып, күміс жүлдені жеңіп алған болатын.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Фото: Павел Лаптев / ҚФФ

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары