Футзалдан Қазақстан құрамасы Израильден басым түсті

Футзалдан Қазақстан құрамасы Израильден басым түсті

09 сәуір 2021, 18:45

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің кезекті ойынын Израильмен өткізді. Ойынды елордадағы «Сайран Арена» спорт кешені қабылды.

Кездесуде есепті Тайнан ашты. Әрі қарай Нұрбек Қарағұловтың тепкен добынан кейін Эвиатар Барухян өз қақпасына гол соғып алды. Үзіліске дейін Жомарт Тоқаев үшінші голды соқты. Екінші таймда Тайнан есепті 4:0-ге жеткізді. Кездесу соңына қарай Израиль құрамасының ойыншысы Тамир Школьник есеп айырмасын қысқартты. Қорытынды есеп - 1:4.

Израиль - Қазақстан - 1:4 (0:3)

Голдар: Школьник 37 - Тайнан 16, 23, Барухян автогол 18, Тоқаев 20

Қазақстан: Игита (Қ) (К), Тайнан, Ақбалықов, Есенаманов, Тұрсағұлов – Байдулла (Қ), Қарағұлов, Сағындықов, Валиуллин, Тоқаев, Кнауб, Досов, Балтабаев, Карбаев;

Бас бапкер: Рикардо Кака.

Бөлісу
Жоғары