U-19. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әзербайжанмен екінші ойынын өткізді

U-19. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әзербайжанмен екінші ойынын өткізді

10 маусым 2022, 17:10
Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Габалада өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында Әзербайжанмен екінші рет ойнады.

Матчтың небәрі бесінші минутта қазақстандықтар Есімбековтің голының арқасында есеп ашты.

Алайда, бірінші таймның соңына қарай кездесудің бас төрешісі Қазақстан құрамасының екі ойыншысы Ян Труфанов пен Әліби Мұхитты алаңнан қуды.

Содан соң Әзербайжан құрамасы үзіліске дейін таразы басын теңестіріп, екінші таймда жеңіс голын соқты. 

Қорытынды есеп - 2:1. Ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. 

Қос команда арасындағы алғашқы ойын 1:1 есебімен тең аяқталған еді.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Габаладағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады.

Әзербайжан U-19 - Қазақстан U-19 – 2:1 (0:1)

Голдар: Салянский 40, 77 – Есімбеков 5

Алаңнан қуылған ойыншылар: Труфанов 29, Мұхит 40 (екеуі де – Қазақстан)

Әзербайжан: Казимов (қ), Абдуллаев, Аббасов, М.Маммадов, Дж.Каримов, Рамазанов, Э. Маммадов, Шахнияров, Агхаяров, Салянский, Ахундзаде;

Қосалқы құрам: Мурадов (қ), Мирсұлтанов, Әділханов, Мұсаев, Хейруллаев, Бадизаде, Сулейманли, Гулиев, Рустамов, Хачили, Маммадли;

Аға жаттықтырушы: Милос Велебит.

Қазақстан: Политик (қ), р. Кәрімов, Иванов, Тұрғанов, Есімбеков, Мринский, Жұмабеков (к), Қалымбетов, Мұхит, Труфанов, Попов;

Қосалқы құрам: Талысбаев (қ), Ахмедов, Оразбек, Көбеев, Асқаров, Пангерей, Оматай, Темірғали, Тоқтыбай;

Аға жаттықтырушы: Вахид Масудов.

10.06.2022. Габала қалалық стадионы, Габала.

Бөлісу
Жоғары