Қайрат Нұрдәулетов: «Тобымыздан тартысты ойындар күтеміз»

Қайрат Нұрдәулетов: «Тобымыздан тартысты ойындар күтеміз»

02 ақпан 2023, 19:00
Қазақстан U-21 құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесінің қорытындысы бойынша пікір қалдырды.

- Біздің топқа жақсы қарсыластар жиналды деп ойлаймын. Испания, Бельгия және Шотландия құрамалармен соңғы жылдарда кездестік. Сол себепті өткен ойындардың бізге бір көмегі болады деп санаймын. Венгрия мықты қарсыластардың бірі. Соңғы нәтижелерінің жақсы екенін аңғаруға болады. Деңгейі жылдан жылға өсіп келе жатқан ұжымдардың арасында Мальта құрамасы бар. Тобымыздан тартысты ойындар күтеміз. Жас футболшыларымызға мол тәжірибе болады. Жақсы ойын көрсетеміз деп сенемін.

- Өткен іріктеу кезеңіндегі қарсыластар Бельгия мен Шотландия біздің топқа қайта түсті. Сол сәтте қандай ой келді?

- Біздің топтың ойындары жеңіл болады деп ойлаған жоқпын. Алайда қарсыластардың мықты жақтарымен қатар, осал тұстарын да білеміз. Екі құраманың да бапкері ауысқан жоқ. Сондықтан олардың ойын үлгісі және тактикасымен жақсы таныспыз деп айта аламын.

- Іріктеу кезеңіне дайындық қалай жүргізіледі?

- 10-18 ақпан аралығында Түркияға барамыз. Сол жақта оқу-жаттығу жиынына қатысып жатқан футболшылардың жағдайымен танысып, сараптамалық жұмыстар жүргіземіз. Біздің ең басты мақсатымыз – ұлттық құрамаға ойыншылар тәрбиелеу. Осы іріктеуде де Астанов, Самородов, Жұмабек сияқты футболшыларды дайындап шығарғымыз келеді.

Бөлісу
Жоғары