Қазақстан құрамасы екінші кездесуде Иранмен тең түсті

Қазақстан құрамасы екінші кездесуде Иранмен тең түсті

01 қыркүйек 2024, 21:00
Футзалдан Қазақстан құрамасы Иранға қарсы екінші жолдастық кездесуін өткізді.

Ойын 1:1 есебімен тең нәтижемен аяқталды. Біздің команда сапынан Біржан Оразов көзге түсті.

Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына дайындық аясындағы соңғы жолдастық матчын 8 қыркүйекте Аргентинамен өткізеді. Ойын Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болады. Басталу уақыты – 19:00-де.

Қазақстан – Иран 1:1 (1:1)

Голдар: Оразов 9 – Юсеф Хан 4

Ескерту: Рафиэйпур 34

Қызыл қағаз: Кака 31

Қазақстан: Серіков, Игита (к), Жеткірбаев – Оразов, Тұрсағұлов, Рашит, Дуглас, Кнауб, Валиуллин, Лео, Есенаманов, Дәрібай, Төреғазин, Қайырбай

Бас бапкер: Пауло Рикардо Кака.

Иран: Момени, Б.Мохаммади – Сангсефиди, Хассан Заде (к), Оладгобад, Азими, Юсеф Хан, Рафиэйпур, Дерахшани, Ахмад-Аббаси, Тайеби, Карими, Агапоур, Доводи      

Бас бапкер: Вахид Шамсаи.

Төрешілер: Афиногенов, Рихсибаев (екеуі де Өзбекстан)

01.09.2024. «Сайран Арена», Астана. 900 көрермен.

Бөлісу
Жоғары