Қазақстандық төрешілер Жасөспірімдер лигасының матчтарында қызмет етеді

Қазақстандық төрешілер Жасөспірімдер лигасының матчтарында қызмет етеді

31 қазан 2024, 16:10
Қазақстандық Болат Сәриев пен Рустам Омаров бастаған төрешілер тобы УЕФА Жасөспірімдер лигасының матчтарына шақырту алды.

«ЦСКА» София (Болгария) мен «Генк» (Бельгия) командалар арасындағы матчта Болат Сәриев бас төреші болып тағайындалды. Көмекшілері – Сергей Калачев пен Тимур Тұрсымбаев. Матч 6 қарашада Софияда өтеді.

Сондай-ақ Рустам Омаров бастаған төрешілер тобы 6 қарашада өтетін «Сабах» (Әзербайжан) - «Базель» (Швейцария) матчында қазылық етеді. Оған Алексей Долгих пен Дмитрий Белоградов көмектеседі.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары