Футзалдан Қазақстан құрамасы ЕУРО-2026 іріктеу кезеңінің өтпелі ойындарына жолдама алды

Футзалдан Қазақстан құрамасы ЕУРО-2026 іріктеу кезеңінің өтпелі ойындарына жолдама алды

15 сәуір 2025, 22:30
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екінші орын алған командалардың тізімінде үздік сегіздіктің қатарынан табылып, ЕУРО-2026 финалдық кезеңіне шығу үшін таласты жалғастыруға мүмкіндік алды. 

Өтпелі матчтардың жеребесі 15 мамыр күні күні тартылып, Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталады. Ойындар биыл 15-24 қыркүйек күндері аралығында өтеді.

2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін 20 қаңтар мен 7 ақпан күндері Латвия және Литва елдері қабылдайды.

Бөлісу
Жоғары