Қазақстан – Солтүстік Македония матчының аккредитациясы

Еске салайық, Қазақстан – Солтүстік Македония матчы 9 маусымда «Астана Аренада» өтеді. Кездесу 19:00-де басталады.
БАҚ өкілдерін тіркеу 2025 жылдың 5 маусымы күні сағат 12:00-ге дейін (елорда уақытымен) жүргізіледі. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтініштер қаралмайды.
Матчтарға арналған аккредитация әр адамға жекелей беріледі. Сондықтан барлық БАҚ өкілдері 3x4 түсті портреттік фотосуреттерін қосуы керек. Аккредитацияға арналған өтінімдер kff.kz сайтының тиісті бөлімінде толтырылады.
Аккредитацияға қалай өтініш беруге болады?
- Іс-шараны таңдау (қай матч/іс-шара үшін аккредитацияға өтініш бересіз)
- Толық аты-жөніңізді толтырыңыз
- Электрондық поштаңызды көрсетіңіз
- Телефоныңызды көрсетіңіз
- БАҚ атауын көрсетіңіз
- Аккредитация түрін таңдаңыз (жазушы журналист немесе фотограф)
- Соңғы жарияланымдарыңыз туралы ақпараттың сілтемесін қалдырыңыз
- Құжаттар тізімін жүктеп салу қажет: жеке куәлік, 3х4 фотосурет, бас редактор немесе басшының қолы қойылған редакциялық хат.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген аккредитация туралы өтініштер қабылданбайды. Аккредитациялық бейджиктер 8 маусым күні матч алдындағы іс-шарада «Астана Аренада» беріледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Баспасөзге арналған орындар мен аккредитациялық бейджиктер саны шектеулі. Жіберілген өтінімдер қосымша қаралады.
Әрбір БАҚ үшін аккредитиация саны екеуден аспайды (тілші және фотограф/бейнеоператор).
Байланыс телефоны: +7 778 281 81 26 Сейіл Қожатай, e-mail: press@kff.kz