Астанада бастауыш сыныптар арасында республикалық «Балдәурен» турнирі басталады
29 мамыр 2025, 15:17

Жарыс 1 мен 4 маусым аралығында Астанадағы «ҚФФ Футбол үйінің» алаңында өтеді. Оған еліміздің әр өңірінен, яғни Астана, Алматы қалаларынан, Маңғыстау, Жетісу, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 2–4 сынып оқушылары қатысады.
Турнирдің бұқаралық балалар футболын дамыту, ерте жастан спортқа деген қызығушылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтеді.
Турнир форматыр футболға алғаш қадам басқан ең жас ойыншыларға қызықты атмосфера қалыптастыруға бағытталған.
«Балдәурен» турнирі – ҚФФ-ның балалар мен жасөспірімдер футболын қолдау және белсенді спорттық өмірге баулу жолындағы бастамаларының бірі.
Жаңалықтар
27 мам., 19:51